Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Мемлекеттік органдар сот процесінде басымдыққа ие ме?

Алматы қалалық сотында кәсіпкерлердің сот тартысында туындайтын мәселелері талқыланды.

Сот тыңдалымдарында кімнің процессуалды құ­қықтарымен зиян кел­тіретінін судьялар мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы анықтауға тырысты. Әдетте бизнесмендер іс мемлекеттік органдардың біріне қатысты болса, дауды шешуді сотқа жеткізбеуді қалайды. Көп жағдайда мәселе салық, кеден, жер және сәулет-құрылысы заң­намаларында туындайды. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Роза Әбуованың айтуынша, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің арасында олардың сөзі мемлекеттік қызметкер ретінде даусыз деген қатаң ұстаным кең тараған.
«Азаматтық істер бойынша тараптың бірі мемлекеттік органдар болады. Олардың өкілдері сот процестеріне келмейді. Тіпті оларға төрағалық ететін судьяның өзі хабарласып жатады. Олар өздері келтірген деректерге қажетті дәлелді бермейді немесе толық келтірмейді», – деді Роза Әбуова.
Алматы қаласы кәсіп­керлер палатасының директоры Дінмұхамед Әб­сат­таров еліміздің заң­намасына сәйкес еш­қан­дай заңды тұлғаға артық­шылық берілмейді және керісінше, сот проце­сіне қа­тысушылардың еш­қай­сы­сы қысымға ұшы­ра­мауы керектігін атап өтті.
«Мемлекеттік мүддеге басқа қырынан да қарау керек. Кәсіпкерлер – салық төлеушілер, жұмыс беру­ші­лер, отандық өндірушілер. Бизнес үшін сот процесіне қатысу – үлкен тәуекел. Кәсіпкерлер істі қарауға уақыты мен ақшасын жұм­сайды. Сот процесінде қа­тысушылардың құқығы теңдей сақталғаны өте ма­ңызды», – деді Дінмұхамед Әбсаттаров.
Сонымен қатар ол қалалық сотқа Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп онлайн кеңес беру механизмін дайындауды ұсынды. Бұл бизнеске сот процесіне дайындалуда қандайда бір қателікті жібермеуге мүм­кіндік береді.
Жиын барысында Кә­сіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық соты ын­ты­мақтастық жөніндегі мемо­рандумға қол қойды.
«Бұл құжат Кәсіпкерлер палатасымен жемісті еңбек етуге мұрындық болады. Алматы қалалық соты, оның сот алқасы біздің азаматтарымыздың, оның ішінде кәсіпкерлердің құ­қық­тары мен заңды мүддесін қамтамасыз етуге барынша күш жұмсайды. Сот қор­ғауы үшін сот процесінде қатысушылар үшін теңдей жағдай жасалған. Азамат­тардың сенімі заңның үс­темділігі қағидасына негіз­деледі. Бүгінде сот ісінде жаңа ақпараттың технологияны пайдалану арқылы да жүзеге асады», – деп атап өтті Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.
Сот алқасының мүшелері процеске қатысушылар өз құ­қық­тарымен зиян кел­тіретін жағдайлар аз емес екендігін айтты. Сотқа құрмет көрсетілмеген жағ­дайда айыппұлды өсіру, сот отырысында залдан шы­ғару секілді шаралармен жа­уапкершілікті арттыруды ұсынды.

Қарлыға МЫРЗАЛИМОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру