Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

Өндіруші мен тұтынушының тікелей байланысы

Бизнес-семинарда Қазақстанның трансшекаралық электронды коммерциясы нарығын, отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін мобильдік қосымша дамыту мәселелері айтылды. Олардың айтуынша, заманауи технология экспорттық операция желісін тиімді басқаруға және ішкі және Жібек жолы бойындағы елдердің де нарығына шығуға мүмкіндік береді.

«Электронды коммерция елдің, цифрландырудың ба­ғыты. Бұл мәселенің маңы­зы зор. Қызмет көрсету элек­­трон­ды форматқа өтіп жатыр, отандық бизнес те мұны қолдануы тиіс. Ұлттық экономика министрлігімен жұмыс тобы құрылып, электронды сауданы дамыту бой­ынша жол картасы дайындалды», – деп хабарлады Алматы қала­сы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Хакимов.
Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы сараптамалық жұмыс ат­қарып, салалық департамент­тердің қызметкері мен бизнес субъектілерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы дайындаған ұсыныстар баян­дамаға енгізіліп, 2017 жылдың 18 мамырында өткен комитет отырысында қолдау тапты.
Мұнымен қоса, ҚР ҰЭМ министрлігінің алаңында «Сауда саласын модернизациялауды» басқару жобасы бойынша жұмыс тобының аясында «Атамекен» ҚР ҰКП-ның электронды сауданы дамыту бойынша бастамалары қолдау тауып, Сауда саласын жаңғыртудың жоспарына енгізілді, мемлекеттік комиссия бекітті.
«Жол картасы бірнеше бөлімнен және іс-шаралардан тұрады. Оған ұлттық палатаның интернет-дүкендерге табыс салығын 0% сынды салық артық­шылықтары бар ұсыныс­тары енгізілді. Сонымен қатар интернетте отандық тауарды тарату, ҰКП базасында онлайн-дүкендер реестрі, он­лайн-саудағы шығуға оқыту, республика деңгейінде БАҚ-та электронды сауданы насихаттау, электронды сауда операторын анықтау секілді ұсыныстар да берілді», – деп хабарлады ӨКП директорының орынбасары.
Тимур Хакимовтың айту­ын­­ша, Қазақстанда коммер­ция­лық сипаттағы салалардың ішінен Электронды сауданы жүзеге асыру ережесі тек тауарларды сатып алу/сатудағы құқықтық қатынастарды рет­тейді. Қазақстанда 2016 жылы электронды сауда мен қыз­меттен түскен табыс банктің транзакциясынсыз 226,4 млрд.теңге болды. Онлайн сауданы әйелдер көп жасайды, сауданың жалпы көлемінің 64%-ы әйелдерге тиесілі, Сатып алушылардың жас аралығы 25-тен 44 жасқа дейін.
«Zoodel компаниясы – ха­лықаралық онлайн сауда алаңы, ол Жібек жолы ел­де­рінің 16 мыңнан астам өн­дірушілерін біріктіреді әрі әлем бойынша онлайн сауда жасауға мүмкіндік береді. Таяуда «Казпочтамен» бірлесіп «ZoodMall Қазақстан» мобиль­ді қосымшасын іске қостық, онда әрбір қазақстандық са­тушы болып, өз тауарын әлемге шығара алады», – деп хабарлады Zoodel ком­паниясының ТДМ елдері бойынша бас директоры Сардор Мұхамедәлиев.
Zoodel компаниялар мен өнімдерді кәсіби дизайнын жасап, суретке түсіріп, мазмұндық сипаттамасын 6 тілге (орыс, ағылшын, парсы, түрік, араб, қытай) аударып береді. Сондай-ақ, өндірушілердің экспорттық әлеуеті мен халықаралық нарыққа шығуын арттыруға ықпал ететін курстар, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастырады.

Қарлыға МЫРЗАЛИМОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X