Валюта бағамы: $ 341.18 392.97 5.34 ¥ 52.5

«ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ»: Күш атасын танымас

Алматыдағы «Алматы Арена» спорт сарайында қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтті. «Еуразия Барысы» турниріне Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстаннан бір-бірден құрама командалар қатысса, Қазақстаннан екі команда барлығы 70-ке жуық балуан қатысты.

Халықаралық турнирді ашқан Алматы әкімі қала тұрғындарын Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Б.Байбек: «Тәуелсіздік алған күннен бастап елдің рухын асқақтатуға, ана тіліміз бен ділімізді нығайтуға, елдік сананы шыңдауға бағытталған істерге аса үлкен мән берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз саясаты бүгінде ұлт санасын жаңғыртуды діттеген «Рухани жаңғыруға» ұласты. Елбасы айтқандай, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқан­дай жаңғыру болмайды. Олай болса, біз ұлттық спорт түрлерін, қазақтың палуандық өнерін дамытуды жан-жақты жалғастыра бермекпіз», – деді қала әкімі.
Турнирге Бразилия, Жапония, Камерун командалары қазақ күресінен «Еуразия Барысы» турниріне тұңғыш рет қатысып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Жарыс олимпиадалық шығып қалу жүйесі бойынша «қабырғадан қабырғаға» форматымен өтті. Турнирдің ақтық сынында «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары арасындағы аса тартысты өткен белдесу «Қазақстан 1» жеңісімен аяқталды.
Өзбек балуандары жартылай финалда Жапония балуандарын 6:2 есебімен ұтып, үшінші орынға ие болды.
Бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасы 10 миллион теңгеге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасы алты миллион теңгеге және үшінші орын иеленген Өзбекстан комансына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Сайысты 120 миллион көрермен «Қазақстан», «KAZSport», Түркияның «TRTAvaz», Ресейдің «Матч планета» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрді.

Айнұр Бақдәулет


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Қасым
    22.12.2017 at 4:15 pm

    Қазақ күресін насихаттап, әлемге танытып, балуандарымызға қолдау болып жүрген ел азаматтарына алғыс шексіз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру