Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

«Алтын домбыраның» иесі анықталды

Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне арналған «Жыр ар­қа­уы – жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Қазақстанның халық ақыны, қазылар ал­қа­сының төрағасы Қонысбай Әбіл жігітті талантына сай түстеген ақындар айтысы өте тартысты өткендігін тілге тиек етті. Жер­гілікті халық алты сағат бойы айтыс тыңдап, тапжылмай құрмет көрсетті. Ақын­дарымыз өнер­лерін аяп қалмады, айбынымызды асырып, рухы­мызды тасытып, шабыттан­дыры.
Барлығы 5 жұп қатысқан сайыста ақындар ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғады. Ақындар тіл, ұлттық рух пен ел болашағы туралы жырлады. Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.
Қазылар алқасының шешімімен Данияр Алдабергенов, Қуаныш Шарманов, Мурадым Ерланов және Сағадат Нұрманов алғыс хат пен 350 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Үшінші орын Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Олар 750 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді. Бірінші орын алған Сырым Әуезханға 2 миллион теңгелік сыйлық табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген 3 миллион теңге мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Бегім
    22.12.2017 at 4:11 pm

    Марапат құтты болсын. Дегенмен жолды жас ақындарға беру керек деп ойлаймын.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X