Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

Елдікке тірек болған егемендік

«Аттың жалында, атанның қомында» дүниеге келіп, тірлік кешкен қазақ сынды уақыт пен кеңістікті бағындыра білген халық жер жүзінде кемде-кем шығар. Көшпелілердің тарыдай шашылған ұрпағы көк теңіз асып, құрылықтарды көктей өтіп, жазиралы өңірлер мен өлкелерді уысында ұстады, ұлттар мен ұлыстарды танып-білді.

Кеңестік империяның «темір торына» түскен қазақ осындай еркіндігінен ұзақ уақыт қол үзіп қалды. Шет жұрт­тарға тек билікке «сенімді» өкілдер ғана жіберілді. Ал, білімге ұмтылған жастардың оқу іздеп, өзге мемлекеттерге баруына, ел көріп, жер көруіне тосқауыл қойылды, тіпті шетел тіл­деріндегі оқулықтарды, газет-журналдарды пайдалануға тиым салынды, осы­лайша шынайы ақпаратқа жасанды жолдармен кедергі келтірген кеңестік билік сол арқылы халқымыздың өске­лең ұрпағын мәңгүрттендіру саясатын ұстанды.
Міне, алысты көздеген осынау зымиян пиғыл халқымыз ғасырлар бойы қан төгіп, қол жеткізген Егемендік арқылы ауыздықталды. Біріккен Ұлт­тар Ұйымы 1992 жылы тәуелсіз ел ретінде таныған еліміз шет елдермен саяси-дипломатиялық, экономикалық байланыстар орнатты. Бұл байланыстар сонымен қатар білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынастарды да қам­тыды. Дербес мемлекет ретінде оң-солымызды енді ғана танып жатқан 1993 жылдың соңына таман Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
Бұл бұрынғы одақтас республикалар арасындағы шаруашылық байланыстар шорт кесіліп, жуан жіңішкерген, ал жіңішке үзілуге шақ тұрған қилы кезең болатын. Басқаны былай қойғанда, төл валютамыз да енгізілмеген-тін.

 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 Destroying Diabetes  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 diabetes diagnosis  |
 Type 1 Diabetes  |
 Type 1 Diabetes  |
 food for diabetics  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 early sigzns of diabetes  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 early sigzns of diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Diabetes Type 2  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 type 1 diabetes  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 Office Professional  |
 office project keys  |
 office project keys  |
 Visio Professional 2016 Product Key  |
 office 2007 keys  |
 windows server 2003 keys  |

Естеріңізге «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы Елбасы Жарлығы 1993 жылдың 5 қарашасында жарияланғанын, ал теңге туралы Жарлық сол жылдың 15 қарашасында ғана жарық көргенін сала кеткім келіп отыр.
1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Талантты да талапты жастарға қамқорлық жасаған мұндай бағдарламаны сол кезде бұрынғы он бес одақтас республика ішінен тек Қазақстан ғана қабылдады. Ал, солардың кейбірінің жағдайы сол кезеңде Қазақстаннан әлдеқайда ілгері болатын. Біз мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел көрегендігі ретінде мойындауымыз керек.
Міне, содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Ел көріп, жер таныған қазақтың өрім­дей жастары бүгінде мемлекет тізгінін қол­ға ұстап отыр. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария сияқты озық мәздениетті, өркениетті елдерде білім алды. Бұл орайда «Болашақ» халықаралық стипендиясын та­ғайын­дау үшін басым бағыттар ретінде елді ин­дус­триалдық-инновациялық дамыту стратегиясы, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасы, ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, мәдениет саласын дамыту бағдарламасы, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «электронды үкіметті» қалыптастырудың мем­ле­кеттік бағдарламасы, көлік стратегиясы сынды стратегиялық құжаттарда көрсетілген эко­но­миканың белгілі бір салаларындағы білікті мамандарға қажеттілік ескерілді. 2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін академиялық бағдарламаларда оқу үшін квоталар енгізілді. 2012 жылдан бастап меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдардың ғы­лыми, педагогикалық, медициналық және ин­женерлік-техникалық қызметкерлеріне кә­сіптік тағылымдамадан 1 айдан 12 айға дейін өту мүмкіндігі берілді.
Осы жолдардың авторы да ғылыми-пе­дагогикалық қызметкерлерге арналған тағы­лымдама бағдарламасы бойынша 2012-2013 оқу жылында Польша Републикасының іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Адам Мицеквич атындағы Познань университетінде тәлім алған еді. Енді осы білім ордасы жөнінде аз-кем мәлімет бере кетейін. Бұл университет солтүстік-батыс Польшадағы ежелгі де ең ірі мемлекеттік оқу орны болып табылады. Оның тарихы бұдан 500 жыл бұрын епископ Ян Любранский негізін салған Любран академиясының мирасымен ұштасып жатыр. Ал, қазіргі заманғы үлгіге сәйкес университет 1919 жылы қайта құрылған. Университеттің 15 факультетінде бүгінде 47 мыңнан астам студент білім алуда. Поляк жастарының 85 пайызынан астамы бір немесе екі шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін жетік біледі. Шетел тілдерін оқыту Адам Мицкевич университетінде жақсы жолға қойылған. Оқу орнында ағылшын тілін жастармен қатар егде тартқан кісілер де ықыласпен оқып-үйренуде. Оқу орнындағы түркітану зерттеулерінің негізін белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Хенрик Янковский қалаған. Университет өзінің жүз жылдық мерейтойын алдағы 2019 жылы атап өтеді. Қалтасы жұқа студент Еуропа мемлекеттерінің көпшілігіне ұшақпен 2 сағат ішінде жететін, Берлин мен Варшаваның дәл ортасында орналасқан, білім қуған талапкер үшін өте жайлы Познань қаласы ғылым мен білім ордасы болып отыр.
Мен өзім тағылымдамадан өткен универси­теттің маңдайалды факультеттерінің бірі – сая­си ғылымдар және журналистика факультеті журналистика, саясаттану, халықаралық қа­ты­­настар мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша 4 мыңдай студент білім алуда. Оқу ордасында 90-нан астам оқытушы, соның ішінде 31 доктор мен профессор жұмыс істейді. Сондай-ақ өзге факультеттерден, Познаньның өзге жоғары оқу орындарынан ғалымдар мен кәсіптік орта өкілдері сабақ беруге шақырылады. Практиктер арасында белгілі журналистер, жарнама агенттіктерінің мамандары мен баспасөз хатшылары жетерлік. Факультет қазіргі үлгімен салынған жаңа да кең ғимаратта орналасқан. Мұнда соңғы техникамен жарақтандырылған студенттік телерадиостудия жұмыс істейді, бұл жерде студенттер өздерінің аудио және теле­жазбаларын монтаждайды. Студия тілек біл­дірушілерге са­бақтан кейін камера мен диктофон бере алады. Оқу ғимаратында бай кітапхана бар, мұндағы кітап қоры 28000 дана. Кітаптарды есепке алу электрондық тәсілмен жүргізіледі. Студенттер залдағы тұрақты компьютерлерді, сондай-ақ өз ноутбуктерін пайдалана алады. Мұнда өзге шет ел тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де кітаптар мен газет-журналдар бар. Факультет 28 шет елдік оқу орындарымен байланыс орнатқан.
Польшаға тұғырлы тұлға, мезгілсіз қазасы қа­бырғамызды қайыстырып кеткен ардақты Жұмабек Кенжалин, Сапарбай Парманқұлов, Анар Төлеухан, Кәкен Қамзин сынды белгілі қа­­ла­м­герлеріміз келіп, елдің қалаларымен және кә­сіпорындарымен танысып қайтты. Сондай-ақ Познань университетінің проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Тадеуш Валлас мырза бастаған бір топ журналист-ғалымдар Алматыға қарымта сапармен келіп, салиқалы ғылыми бас қосуларға қатысты. Делегация қаламыздың жоғары оқу орындарында болып, оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен жүздесті. Сөйтіп, екі ел ғалымдары мен қаламгерлері арасындағы баянды байланыстарға негіз қаланды.
Бүгінде стипендиаттарды неғұрлым сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін шетелдік жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл орайда білім ошағы ретінде ұсынылатын жоғары оқу орындары Times Higher Education, QS World University Ranking Academic Ranking of World сынды әлемдік рейтингілерінде көрініс тапқан жоғарғы дең­гейдегі қуатты ғылыми базасы мен зерттеу университеттері бар білім ордалары қатарынан таңдап алынды. Осы арқылы бағдарламаның мәні мен маңызын, қайтарымын арттыру көз­деліп отыр.
Жеті өлкені шолып, жеті жұрттың тілін білген, егемендіктің қадірін жете түсінген қа­зақтың бүгінгі талантты ұрпағының басты мақ­саты – елдік туын асқақтата отырып, болашақ буын­дарға табыс ету. Бұл мерейлі міндет абы­роймен орындалып келе жатыр деп нық сенім­мен айта аламыз.

Жетпісбай БЕКБОЛАТҰЛЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру
X