Валюта бағамы: $ 336.39 390.28 5.36 ¥ 52.42

Жасай бер, әсем Астана!

Осыдан жиырма жыл бұрын 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің сайын даласы – Сарыарқа төсіндегі Ақмола (бұрынғы Целиноград) қаласы қазақ елінің астанасы болып жарияланды. Ашығын айтқанда, Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға аян.

Енді Астананың еліміздегі басты қалаға айналуының хронологиялық өрістеуіне зер салып өтсек. Атап айтқанда, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған. Ал, Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Еуропа мен Азияны  жалғаған транизиттік көпір

Басты қаламыз Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазір Астананың аумағы 722 шаршы шақы­рымнан асады, тұрғындар саны – 1 миллоннан асты. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.
Табиғи ерекшеліктеріне сәйкес, Астана Қазақстанның орталығынан солтүс­тікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құр­ғақ бозды-бетегелі дала аймағында орна­ласқан.

Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.
Еуразия құрлығының ортасында қо­лайлы орналасуы Астананы экономи­калық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.

Бас қала – экономикада көшбасшы

Президент Н.Ә.Назарбаев ұсыны­сы­мен еліміз­дің астанасын ауыстыру Астананың эконо­мика­лық дамуына қуатты серпін берді. Шын мәнінде, қала экономикасының қарқынды дамуы шет елдерден инвестиция тартуға да тығыз байланысты. Астананың елге тартылған инвестиция­лардың республикалық көлеміндегі үлесі 10 пайызға, ал рес­публика экономикасындағы өңірлік жалпы өні­мінің үлесі 10,2 пайызға тең.
Астана экономикасының негізі – сауда, өнер­кәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құры­лыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімде­рін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.

 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 Destroying Diabetes  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 diabetes diagnosis  |
 Type 1 Diabetes  |
 Type 1 Diabetes  |
 food for diabetics  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 early sigzns of diabetes  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 early sigzns of diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Diabetes Type 2  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 type 1 diabetes  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 Office Professional  |
 office project keys  |
 office project keys  |
 Visio Professional 2016 Product Key  |
 office 2007 keys  |
 windows server 2003 keys  |

Сондай-ақ қаланың ірі кәсіпорын­дары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» кон­цернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолау­шы­лар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын ай­туға болады.
Астана Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті де даму үстінде – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Астаналық тұрғындардың орташа номиналды айлық жалақысы 154 мың теңге шамасында (2016 ж. статистикалық мәліметтерден).
Бас қаламыз дәл қазір құрылыс ауқымы жөнінен де елімізде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынған. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты.
Астананың сәулеткерлік тұжырым­дамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қа­лып­тастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы бел­гілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.

Мәдениет Пен спорт өркендеп, бі­лім ордалары нығаюда

Қалада бой көтерген «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын, ұлтаралық келісімге негіз болған бірнеше діни орталықтарды, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын елдегі мәдени-бұқаралық жұмыстардың қай­наған ортасы десек қателеспейміз.
Елордамыз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық универ­ситеті, Қазақ ұлттық өнер универ­ситеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орна­ласқан. Жеке оқу орындары да мұнда студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде мемлекеттік ЖОО-мен теңдей жұмыс жүргізіп, жаңа талаптарға сай игі іспен айналысуда.

Астана – әлемдік маңызды қала

Осының жарқын дәлеліндей, дәл қазір Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер және де басқа айтулы іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналы. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады.
Ал, 2017 жылғы басты оқиғаға айналған – Астанада өткен «Expo-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі – еліміздің әлемдік дең­гейдегі беделінің айшықты көрінісі. Халық­аралық ЭКСПО көрмесінің табысты өтуі әлемдік аренадағы Қазақстан беделін одан әрі нығайтып, сонымен қатар еліміздің экономикасы мен ин­новациялық дамуында барлық салаларға да екпінді серпін берді.
ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы Қазақстанның басты байлығы – бірегей мәдениет пен көпұлтты халқымыздың дәстүрін жан-жақ­ты, кеңінен насихаттауға бағытталды. Елбасы жариялаған біздің – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеямыз, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен елордамыз Астананың гүлденуі мәдени іс-шаралар арқылы 93 күн бойы ЭКСПО-2017 көрмесінің, сонымен қатар Астана қаласының барлық сахна алаңдарында көрсетілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан Кешенді бағдарламада қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін ашатын іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда – Астана қаласы қысқа мерзім ішінде жал­пыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекет тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Жайнай бер, жасай бер, әсем Астанамыз!

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру