Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Дамудың инновациялық бағыттары

8 желтоқсан күні Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақүйінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және оқу орны базасындағы Агротехнологиялық хабтың ұйымдастыруымен кезекті ІІ «Central Asian AgTech Summit‘2017» Орта Азиялық Агротехнологиялық саммиті табыс­ты өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр­ған ауқымды шараға биыл да мемлекеттік орган басшылары, Нұр-Отан партиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, АҚШ, Еуропа, Азия мемлекеттерінің белді экс­перт-ға­лымдары, Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­­сите­тінің оқытушы-про­фессорлары, аграр­­лық салаға бейімделген бұ­қаралық ақпа­рат құрал­дары, жас ғалымдар, еліміздегі ірі агро­өндіріс мекемелерінің жетек­шілері, әкімдер, ауыл кәсіп­керлері қатысты.
Агроөнеркәсіп кешенінің келешегін сарап­қа салған халықаралық жиында жетекші кәсіп­орын мен агроқұрылымдардың 137 өкілі, 108 мемлекеттік мекеме, 102 бизнес-құрылым, 44 ҒЗИ, 26 қаржы институты, АҚШ, Германия, Австрия, Италия және ТМД елдерінің 15 жетекші ЖОО мен ғылыми орталықтарының мамандары бас қосып, жаңа біліммен, инновациялық технологиялар трансфертімен, озық тәжірибелерімен алмасу бағыттары бойынша келелі кеңес құрды. Саммит жұмысы барысында белсенділік танытып, ұтымды ұсыныс-пікірлерімен бөліскен білікті мамандар мен құрметті қонақтардың арасында: Доктор Томас Селлучи, (2007-2011 жылдары Джордж Буш пен Барак Обаманың президенттігі кезінде технологиялар жөніндегі Ақ үйдің кеңесшісі болған); Дженнаро Фазио, Корнель университетінің (АҚШ) өсімдіктерді генетикалық зерттеу бөлімінің жетекшісі; Джиягуо Чи, Мичиган штаты университеті, Жерді бақылау және ғаламдық өзгерістер орталығының, Қытайдағы бағдарламалар офисінің (АҚШ) директоры; Джованни Капаннелли, Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры; Инна Пунда, БҰҰ (БФА) Ауылшар­уашылық және азық-түлік ұйымының өкілі, агробизнес жөніндегі сарапшы маман; Айдын Ақанұлы Айымбетов, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры, Қазақстанның Халық қаһарманы, қазақстандық ғарышкер; Фархад Шаймұратұлы Куанғанов, «Нұр Отан» партиясының идео­ло­гиялық мәселелер бойынша хатшысы; Ермек Беделбайұлы Көшербаев, Ауыл ­шар­­уа­­шылығы министрлігінің жауапты хатшысы; Алмас Өскенбайұлы Мадиев, Алматы қаласы әкі­мінің орынбасары және т.б. болды.
Саммит жұмысын ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполов кіріспе сөзбен ашып, маңызды жиынның модераторы ретінде агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытта дамыту мәселелері бойынша кең көлемді мазмұнды баяндама жасады.
Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры,
академик:
– Дәстүрлі жалғасын тауып отырған Агро­технологиялық саммиттің экономиканың аграр­­лық секторындағы әлемдік тенденциялар мен аграрлық бизнестегі стартап жобаларын іске асыру, ауыл шаруашылығына арналған мар­кетинг, агроөндірістік кешенді мемлекеттік қолдау және аграрлық білім беру мәселелерін талқылап, пікір бөлісіп, үлкен тәжірибе алмасу алаңына айналғандығын ерекше атап өтуге тиіспіз.
Бүгінде елімізде Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен экономиканың басты салаларының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Мемлекет тарапынан азық-түлікке деген ішкі сұ­ра­ныстың 80%-ы отандық өнімдермен қам­тамасыз ету, экспортқа шығаратын ауыл­шар­уа­шылық өнімдер көлемін ұлғайту талабы қойылып отыр. Оның басты себебі әлемдегі азық-түлікке деген сұраныстың жылдан-жылға өсуі. Осы күні әлем халықтарын алаңдатып отырған шұғыл мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі. Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) ақпараты бойынша бүгінде әлем бойынша өндірілген азық-түліктің 30-40 пайызы өнімнің сапасының төмендігінен, стандарттарға лайықсыздығынан нарыққа жетпеді. Ғалымдар­дың ғылыми-зерт­теу нәтижелеріне сүйенсек, 2050 жылы дүние­жүзіндегі халықтың саны 9 миллиардқа жетеді, демек азық-түлік өнімінің көлемі 70 пайызға жоғарылатуды қажет етеді.
Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді еселеп ұлғайтуға әлеуеті жеткілікті. Ол үшін ауыл шаруашылығында өндірісті жедел индустриалды-инновациялық технологияға ауыстыру қажет. Әлемдік тәжіри­бе көрсеткендей жалпы ішкі өнімнің өсуінің 90 пайызы инновациялық технологияны игеру арқылы болады. Оны игеру өндірістің бәсе­кеге қабілеттілігін көтерудің басты жолы. Ауыл шаруашылығын жедел индустриалды-инно­ва­циялық жолмен дамытуда осы салада қалып­тасқан жағдайлар ескерілуі керек.
Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау үрдісін іске асырып отырған оқу орны базасында 2016 жылы Агротехнологиялық хаб құрылды. Бұл университет дамуының жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер берді. Ха­лық­­аралық талаптарға сай құрылған Агро­техно­логиялық хаб аясында орындалатын зерттеулер импорт алмастыру мақсатында экпортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту, шетелдердің озық технологиясын тарту үшін қажетті жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты өзекті мәселе­лерді инновациялық жолмен шешуге барынша жағдай туғызды.

 Project Professional 2016 Product Key  |
 Office 2016 Keys  |
 visio professional 2016 product key  |
 Windows 7 Keys  |
 Outlook 2016 Product Key  |
 Windows Server 2011 Keys  |
 Windows XP Vista Keys  |
 Office Visio Keys  |
 Adobe Software Keys  |
 Microsoft Exchange Server Keys  |
 Office 2013 Keys  |
 Office Project Keys  |
 Windows Server 2008 Keys  |
 Microsoft Office Project Professional 2007 SP2 Product Key  |
 Office Professional Plus 2016 Product Key  |
 Office Visio Keys  |
 Office Visio Keys  |
 Office Professional Plus 2016 Product Key  |
 Flour Milling Machine Mill Roll  |
 Flour Milling Machine Mill Roll  |
 Oral Diabetes Medications Summary Chart  |
 Oral Diabetes Medications Summary Chart  |
 type 1 diabetes treatments  |
 Type 1 diabetes  |
 Treatment Of Type 1 Diabetes  |
 fruits for diabetics  |
 7 of the Best Fruits for Diabetics (Based On Sugar and Nutrients  |
 type 1 diabetes cure  |
 fasting blood sugar range  |
 treatment of type 1-diabetes  |
 Diabetes Cure  |
 Diabetes Cure  |
 Type 3 Diabetes Symptoms  |
 Type 3 Diabetes Symptoms  |
 what is a normal blood glucose level  |
 Type 3 Diabetes Symptoms  |
 signs and symptoms of type 2 diabetes  |
 Type 2 Diabetes: The Basics  |
 Type 2 Diabetes: The Basics  |
 signs and symptoms of type 2 diabetes  |
 signs and symptoms of type 2 diabetes  |
 Diabetes Overview  |
 Diabetes Overview  |
 End Suction Water Pump On Sale  |
 Self Priming Pump  |
 Vertical Multistage Pump  |
 Centrifugal Submersible Slurry Pump on sale  |
 Split Casing Water Pump  |

Қазіргі кезде Агротехнологиялық хаб негі­зінде АҚШ, Еуропа, Азия мемлекеттеріндегі ғылыми орталықтармен тығыз әріптестік байланыстар орнатылып, әлемнің 13 беделді жоғары оқу орындарымен қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Мысалы, Корнель университетімен жер­гілікті алма­ның перспективті сорттарының гендік қорын зерттеу, Колумбияның NASA уни­вер­ситетімен, АҚШ-тың Мичиган штаты университетімен климаттық модельдеу арқылы дәнді дақылдардың өнімділігін жоспарлау мәселелері бойынша бірлескен жұмыстар жүр­гізілуде. Сонымен қатар, Америка, Қытай, Ресей ғалымдарымен бірге зиянкестер мен сор­таңдарды алдын ала анықтау бойынша, «Геоскан» мен NASA ғалымдарымен агроөндірістік кешеніндегі тәуекелдердің ортақ жүйесін құру бойынша жобалар жүзеге асуда.
Әлемдік деңгейдегі білікті мамандармен бірлесе атқарылып отырған мұндай ауқымды шаралар еліміздегі ауылшаруашылық өндірісті тұрақты дамытуға, әлемдік нарыққа шыға алатын, экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнімді арттыруға ықпал етіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге едәуір септігін тигізбек.
Саммит аясында қатысушылар ауыл шар­уа­шылығының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ аграрлық секторды дамытудың барлық саласы бойынша табысты жұмыс атқаруға жағдай жасайтын ғылыми және тәжірибелік қызметтерімен бөлісіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі түйінді мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Саммит бағдарламасындағы негізгі панельдік сессияда ғылыми-практикалық қызығушы­лықты туғызатын өзекті тақырыптарға арнал­ған баяндамалар тыңдалып, семинарлар, дөңгелек үстелдер, агробизнесті дамыту және қар­жыландыру, сандық технологияларға негіздел­ген ауыл шаруашылығы, жайылымдық жерлерді оңтайландыру, каран­тиндік өсімдіктерді био­логиялық бақылау, климат өзгеруі жағ­дайындағы өнімділік мәселе­леріне талдау жасалды.
Бүгінгі күні еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде өнімді жинау, сақтау оны қайта өңдеуге қатысты заманауи инновациялық технологиялар қолданылуда. Аграрлық нарықты терең талдау үшін жер серіктері мен басқа да зерттеу құралдарын пайдалана отырып қол жеткізген зерттеу нәтижелері басты назарға алынуда. Деректер көлеміне, сонымен қатар, оларды сандық өңдеуге және шешімдер қабылдауда сүйенуге болатын нақты қорытындылар шығаруға деген қажеттілік жыл сайын өсуде.
Орталықтың негізгі бағыттары: АӨК-тегі шешімдерді қолдауға арналған сандық қор; «Ақылды» техника және роботтандыру» – өндірісті сандық жүйелеу; сараптама және Big Data – түсімділікті және климаттық тәуекелдерді болжау; сатуды сандық жүйелеу және т.б. жатады.
Осы бағытта ҚазҰАУ-да төмендегі жобалар іске асырылып отырғанын атап өтуіміз керек: АӨК-те шешімдерді қабылдаудың сандық платформасын құру үшін АӨК шешімдерін қолдау жүйесі; Агроөнеркәсіптік сектор үшін заманауи сандық геоботаникалық карталарды құруда сандық карта жасау; GIS технологиялары базасыда шегірткеден алдын ала қорғану мен одан келетін жұқпалы аурулардың алдын алу жүйесі; су тасқынын болжау жүйесі; климаттық тәуекелдерді басқару; тозған жайылымдық жерлерді бағалау жүйесі; өнімділікті болжау; қашықтықтан барлау және фермерлерге арналған GIS технологиялары; АӨК саласындағы жасанды интеллект; өнімді бақылау.
Алдағы уақытта саммит қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары турасында арнайы қарар қабылданып, Қазақстан Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне, аграрлық салаға маманданған өзге де шет елдік ұйымдарға нақты ұсыныстар жолданатын болады.

Үкілай КЕРІМҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру