Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Үздік кәсіпорындар марапатталды

«Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Алматының «Алматы өнімдері» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Алматы облысының «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Оңтүстік Қазақстан облысының «Planta» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Ал «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері ішінен Астананың «Медикер – өндірістік медицина» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Қарағанды облысының «Дефектоскопия» ЖКС, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Астананың «Скулбас» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді.
Биыл «Алтын сапа» байқауында 101 компания бақ сынады. «Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негiзiнде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жетiстiктерi, сондай-ақ менеджмент жүйелерiн енгiзгенi үшiн үш жыл сайын берiледi. Байқау ұйымдастырылған 12 жылда Мемлекет басшысының сыйлығын 86 кәсiпорын иеленген.
Сонымен қатар «Парыз» сыйлығы төрт аталым бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарға және ірі кәсіпорындарға табысталды. «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында – «Пищепромторг» ЖШС, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде үздік ұжымдық келісімшарт ұйымы» – «Арай текстиль» компаниясы, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – ЖК «Бейсенбаев», ал «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Алди және компания» ЖШС қола жүлдені иеленсе, тура осындай кезекпен «Прежевальское» компаниясы, «Бином» ЖШС, «Бахыр» шаруа қожалығы, мен «Блок» ЖШС күміс жүлденің жеңімпазы атанды. Ал «Қазмедприбор Холдинг» ЖШС, Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжі, Қарағанды металл бұйымдарының зауыты мен «Белес-Агро» ЖШС алтын жүлдеге сай деп танылды.
«Ірі кәсіпкерлік субъектісі саласындағы үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында Жәйрем тау-кен байыту комбинаты «қолаға» ие болды. «Нежинка ерке» ЖШС «күмісті» олжаласа, «ЕмбіМұнай» компаниясы алтын жүлдені иеленді.
«Ірі кәсіпкерлік субъектісі ретінде үздік ұжымдық келісімшарт ұйымы» аталымында «Прииртышское» бройлер фабрикасы – «қола», Алматы ауыр машина жасау зауыты – «күміс», «Победа» ЖШС «алтынды» жеңіп алды. «Ірі кәсіпкерлік субъектісі саласындағы еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – Атырау мұнай өңдеу зауыты (қола), «Майерс Ойл Қазақстан» компаниясы (күміс), «СКЗ-Ю» ЖШС («алтын»), ал «Ірі кәсіпкерлік субъектісі ретінде экология қосқан үлесі үшін» «Варваринское» АҚ «қолаға» ие болса, Өскемен жылу электр орталығы күміс жүлдені олжалады. «Қағазы Ресайклинг» компаниясы осы аталымда ең үздік тұғырға көтерілді.

Тегтер:

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X