Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Даулы мәселелер – күн тәртібінде

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу мәселелері өзекті болып табылады. Барлық өңірлерде дерлік кәсіпкерлер аталған мәселені көтеріп, белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгендігі Төралқаның кеңейтілген отырысында айтылды.

Жаннұр Болатбек

«Біріншіден, мемлекеттік сатып алулар бойынша жарнаманың уақытылы орналастырмауына байланысты әкімшілік жауапкершілік болуы керек. Себебі бизнес ақпаратты уақытылы алмағандықтан күрделі жағдайларда жұмыс жасауға мәжбүр. Аталған мәселеге байланысты сатып алулардың электрондық жүйесін біріктіру арқылы мәліметтерді орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде», – деді Төлеміс Шотанов.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен үлкен жұмыс жасалып, 4 негізгі нәтижеге қол жеткіздік. 120 308 тауарлар, жұмыс пен қызметтердің біріңғай анықтамалық тізбектеме (ТЖҚ БАТ) коды қысқартылып, тізбектеменің жұмыс жүргізу тәсілі мен жұмысы жанданды. Сонымен қатар, кооперация бойынша холдинг ішіндегі сатып алулар аясындағы 1 246 млрд теңгеден 623 млрд теңгеге дейін сатып алулар қысқарды», – деп мәлімдеді Басқарма төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, техникалық сертификатталған бизнес жобаларын қарастыру уақыты ұлғайды. Квазимемлекеттік сектор сатып алулары жүзеге асырудың біріңғай ережелері бекітіліп, квазимемлекеттік сектордың сатып алулар бойынша әкімшілік жауапкершілігі болу қажет. Нәтижесінде жоспарлаудың тұрақтылығы, сатып алулардың ашық және қолжетімді болуы, тапсырыс берушілердің жауапкершілігінің артуы арқылы бақылауды күшейту, қаржылай ауыртпалықты жеңілдету және отандық өндірушілерді қолдауға қол жеткізілгендігі белгілі.
«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) бойынша ұзақ мерзімді тапсырыстарға, қаржылай жеңілдіктерге, даулы мәселелердің шешілуіне, тұжырымдаманың алынып тасталуына, шығындарды өтеу көздерінің санын көбейтуге қол жеткіздік. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 10 сынамалы жоба жасалуда. Елбасының тапсырмасы бойынша елдің экономикасына мемлекеттің қатысу деңгейін 2020 жылға дейін 15% төмендету жоспары бар. Жекешелендіру бойынша бүгінгі күнге дейін 132,8 млрд теңге көлемінде 334 нысан сатылып, 166 нысанда сату алдындағы бағалау жүргізілуде», – деді Төлеміс Шотанов.
Өңірлерде энергетика қуаттылыққа, жер телімдері бойынша ақпаратты онлайн-мүмкіндікті қамтамасыз ету, толық форматты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ұйымдастыру, сауда жасауға ашық аймақтар жасау, сатып алуларда жергілікті атқарушы орган жергілікті тауарлардың болуын қамтамасыз ету мәселелері алға қойылды.
«Өңірлердегі қаржылай емес қолдау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету 2017 жылдың соңғы 9 айы көлемінде жалпы жылдық жоспарды 113%, сервиздік қолдау жоспарды 147%, «Бизнес мектеп» бағдарламасы бойынша жоспары 142% көрсеткіштерімен орындалды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов.

Анықтама үшін:
2017 жылдың 9 айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бағытында 21 280 өтінім түсті. Өтінімдердің 40%-ға дейін мөлшері оң шешіледі. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің мүліктік құқығын жалпы 92,5 млрд.теңге көлемінде қорғалды. Бұл алынып тасталған айыппұлдар, өсімпұлдар, мемлекет органдар қайтарған қаражат, сонымен қатар бизнеске қорғап берген мүлік құны.
Қаржылай емес қолдау аясында 43 140 тегін сервистік қызмет атқарылып, 158 мың кеңес берілді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 15 000 адам оқытылып, оның ішінде 3055 адам жеке бизнесін ашып, кеңейтті.


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X