Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Өркениеттің қозғаушы күші

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа ғаламдық нақтылық туралы «қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді», – деп атап өткен. Бұл маңызды жұмыста академиялық қоғамдастық пен университеттерге ерекше орын беріледі.

Марат Балтабай

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ белсенді және жауапты түрде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үдерісіне қосылып, нақты идеялар мен жобаларды ұсынды. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.Мұтанов Минск қаласында (Белоруссия) жоғары оқу орындарын дамытудың университет үлгісі 4.0. жаңа платформасын ұсынды.
Үлгі жоғары оқу орындары мен Қазақстан және Беларусь Республикасының ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VI отырысында кең ауқымды түрде шетелдік ғылыми қауымдастыққа ұсынылды.
Ректордың айтуынша, қазіргі заманғы заманауи университеттің міндеті білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаумен ғана шектелмейді, оны қазіргі уақыттың шынайы азаматтарын қалыптасуымен толықтырып, төрт компонентті: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілікті біріктіру қажет.
Жаһандану және ғылыми-техникалық өрлеу заманауи әлем келбетін тез өзгертіп, ғылым мен техника өркениеттің қозғаушы күші болды. Осыған байланысты заманауи технологиялар жоғары руханилыққа және адамгершілікке негізделген ақылмен реттелуі керек.
Циолковский «Мен техникалық прогресті мойындамаймын, егер ол адамгершілік өрлеуден басым болмаса», – деп атап өткен. ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың ұсынған 4.0 университет моделі төртінші өнеркәсіптік төңкеріс қарсаңында университеттердің қызметіндегі жаңа инновациялық үрдісті көрсетеді.
Шығыстың ұлы ойшылы ҚазҰУ-дың атын иеленген Әбу Наср әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Осы ақиқатты тану университет дамуының жаңа моделін жасауға әкелді. ҚазҰУ жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде жүйелі жұмыс жүргізіп, «Al-Farabi University smart city» жобасы инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың үндесуіне негізделген жаңа міндетпен табысты жүзеге асырылуда.
Бұл қызметте Елбасының жаңа жаһандық шындыққа және өркениеттің дамуына байланысты халық санасын өзгерту туралы айтқаны мемлекеттік бағдарламада нақты бағдар болып табылады.
Бұл жобаны іске асыру ҚазҰУ-ды әлемдік рейтингте динамикалық ілгерілетуге және адам капиталын дамытудың жоғары деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа мақсаттар мен міндеттер төртінші буын өкілдеріне арналған университеттік үлгіде одан әрі дамып және нақты мазмұнға ие болады. Рухани-адамгершілік тұғырнаманы дамыту үшін Университет Ақылды университеттің 4.0 үлгісі аясында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Жасыл көпір» бастамасын іске асыруға бағытталған «Жас көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасын жүзеге асыруда.
Осы жобаны БҰҰ-ның «РИО + 20» конференциясына енгізуде ҚазҰУ әлемдік жетекші университеттермен бірлесіп тұрақты даму бойынша идеология, ақпараттық және білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын тарату бойынша практикалық ұсыныстарды жүзеге асыру тетіктерін әзірлеуде.
2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде өткен мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларацияға қол қойылды.
ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып, «Мейірімді қоғамның азаматтарын қалыптастыру» халықаралық жобасын қолдайды. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясының мақсаты – жас ұрпаққа бейбітшілік, ізгілік пен әділеттілік идеяларын жеткізу, сондай-ақ онда әл-Фарабидің адамгершілік қоғам туралы идеясы да енгізілген. Жоғары оқу орындарының түлектері кәсіби құзыреттілікпен қатар, әл-Фараби айтқандай, «дүние жүзіне адал» болатын жоғары гуманистік құндылықтардың тасымалдаушылары мен аудармашылары болуы керек.
ХХІ ғасырдағы жоғары білім берудің жаңа платформасы – 4,0 университеттің моделі кездесуге қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, жетекші ғалымдар мен мамандар тарапынан қолдау тапты.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X