Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Екі ауылға су барды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданы Новопавлов ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылға ауыз су құбыры кіргізіліп, пайдалануға берілді. Жалпы құны 201 млн. 248 мың теңгені құраған жоба жұмысымен «KazConstructionGroup» ЖШС айналысты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

Новопавлов ауылының әкімі Әліби Аманжолұлының айтуынша, ауылда 700-дің үстінде адам тұрады. Көптен бері таза ауыз суды армандаған ауыл тұрғындары құдық суын пайдаланып келді. Су құбырын тарту жұмыстарына жергілікті жерден 15 адам жұмысқа тартылды. Бір жылдың ішінде 23 шақырым құбыр желісі жүргізіліп, 189 аулаға су құбыры кіргізілді.
Сонымен қатар ауданның Ақсуат ауылының 1500-ден астам тұрғыны да таза суға қол жеткізді. Ауылды сумен қамту жұмыстарын «Аяла» ЖШС жүргізді. Жоба құны 144 млн. 480 мың теңгені құрады.

Тегтер:

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X