Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Қайырымдылық жәрмеңкесі

Алматыдағы «Almaty Towers» бизнес-орталығында «Ағалқа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тағам мен қолөнер бұйымдарының қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – мұқтаж адамдарға көмектесу.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

Салтанатты шараның ашылу барысында көп жылдар бойы «Қазақ радиосында» жұмыс істеген, тәжірибелі, қаламы жүйрік журналист Бахтияр Нұрымов бұл қайырымдылық жәрмеңкесі алдағы уақытта дәстүрлі жәрмеңкеге айналатындығын, мұқтаж жандарға көмектесу әрбір адамның парызы екендігін атап өтті. Жәрмеңкеге келген қала қонақтарына дәмді тағамдар, тәттілер мен сусындар ұсынылды. Шара барысында түскен барлық қаражатқа Алматы облысына қарасты Есік қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы мұқтаж отбасыларға көмір сатып алынды. Сонымен қатар шара барысында талантты оқушылар би билеп, әннен шашу шашты.

Аталмыш шара Алматыда жиі-жиі ұйымдастырылатыны қуантады. Мәселен, биылғы жылдың көктемінде Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға киім жинау шарасы ұйымдастырылды. Алматының халық көп жиналатын орындарында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін киімдер мен аяқ киімдер жинауға арналған арнайы белгісі бар қораптар қойылды. Оған қала тұрғындары қалдырып кеткен киімдер сұрыпталып, жуылып, үтіктелгеннен кейін ғана әлеуметтік қамту орталықтарына жіберіледі. Ол жерден асыраушысынан айырылған балалар мен жасөспірімдерге және аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіру үшін арнайы ұйымдарға жіберіледі. Аталған қайырымдылық акциясының басты ерекшелігі арнайы қораптарға адамдардың жеке заттары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек, азық-түліктері алынбайды.
Бұдан басқа әрқилы сырқатқа шалынған балалар мен студенттердің де қайырымдылық шараларын да айтуға болады. Ал биылғы қаламызда ең үлкен шара деп Алматы марафонын айтуға болады. Бұл спорттық сайыстан түскен қаржы да қайырымдылыққа жұмсалғаны белгілі.
Міне, осылайша әртүрлі тәсілмен мұқтаж жандарға көмектесу шаралары қаламыздың әр аймағында өткізіліп келе жатқаны қуантады.

Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X