Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Мedia құрылтай конференциясы өтті

16 қарашада Алматыда отандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы Х Мedia құрылтай конференциясы өтті. Іс-шараның авторы әрі тұрақты ұйымдастырушысы – Қазақстан баспасөз клубы.

Биыл «Медиа нарығы: жүйелі өзгерістер және жаңа көзқарастар белестері» деген тақырыпқа арналған аталмыш конференция кезінде медиа саласының өкілдері еліміздің жалпы экономикалық және саяси жүйесі аясында орын алып жатқан өзгерістерді ортаға салды.
ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен өткен сессияда журналистерден сұрау келіп түскен уақытта және ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік органдардың көтеретін жауапкершілігіне қатысты көптеген сауалдар қойылды. Абаев мырза атап өткендей, ақпаратты дер кезінде ұсынбаған жағдайда бұл жауапкершілік сұрау келіп түскен мемлекеттік органның мойнында болады. Егер жауап белгіленген мерзім ішінде берілмесе, сотқа жүгінген жөн. Сондай-ақ, министр ақпаратты ұсыну мерзімі қысқарып келе жатқанын және кейде жауап ұсыну кезіндегі кідіріс шынайы бір себептерге байланысты туындауы мүмкін екенін жеткізді. Абаев мырза Медиа құрылтай сынды іс-шаралардың арқасында еліміздің медиа саласында нақты өзгерістер орын алып жатқанын баса атап өтті: «Өткен жылы маған мемлекеттік телеарналардағы жарнамаға қатысты көптеген сауалдар жолданған болатын. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Хабар» телеарнасы жарнамалық роликтерден толығымен бас тартайын деп отырғанын қуанышпен хабарлаймын. Бұл өзінше бір эксперимент болмақ, оның арқасында алдағы уақытта осы шараны басқа да мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына ендіру мәселесі шешілмек».

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

Қалыптасқан дәстүрге сай конференция қатысушылары медиа нарығының дамуындағы жаңа басты трендтерді сарапшылардың өз аузынан естуге мүмкіндік алды. Биыл NBS және CBS-тің жаңалық шығарушы репортері әрі телевизиялық продюсері Барбара Рейлтц, 31-арна бас директоры Бағдат Қожахметов, Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова, Алматы ТВ бас директоры Әлібек Әлденей, «Медиа стандарттар институты» өкілі Кәмилә Жүсіпова және «Новое Телевидение» бас директоры Руслан Никонович соны ақпаратпен бөлісті.
Қазақстан сөз бостандығы және интернет бостандығы рейтингісі бойынша төменгі орында келеді. Осы тұста польшалық және қазақстандық БАҚ беттеріндегі тоналдықты салыстырған «Нархоз» университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньскидің сөзіне қарағанда, отандық басылымдарда польшалық БАҚ-қа қарағанда сыншылдық көбірек екен, сондықтан көптеген халықаралық рейтингтерді қайта қарастыру керек болуы мүмкін.
Спикерлердің көбісі Қазақстандағы медиа өз жұмысын лайықты деңгейде атқармай отыр, елдегі саяси және қаржылық жағдайға тәуелділігі жоғары деген сындарын айтты. Арманжан Байтасовтың пікірінше, мемлекеттік тапсырыс, жемқорлық, сот жүйесіндегі әділеттіліктің жоқтығы секілді үш фактор БАҚ-тың өсуі мен оның ықпал күшін тежеп отыр.
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев бұған қарсы пікірді ортаға салды. Оның айтуынша, медиа нарығы қазір белсенді дамып жатыр және де осы салада талантты әрі белсенді қатысушылар көп. «Бүкіл мәселе – тек өзімізде, – дейді Ошақбаев мырза. – Өсіп-дамып, өз санамызды өзгертіп, медиа үшін жаңа жағдайларды жасау қажет».
Конференция қатысушылары соңғы жылда отандық БАҚ нарығында қалыптасқан жағдайды талдап, осы жағдайда дұрыс бағдар табу және қандай құралдарды игеру керектігі жөнінде сөз қозғады. Солфорд униерситетінің (Ұлыбритания) профессоры Марек Бекерман өткізген арнайы шеберлік сабағында қатысушылар деректерді тексеру ерекшеліктері, цифрлік дәуірдегі жалған жаңалықтар жөнінде кеңінен ақпарат ала алды.
Сондай-ақ, Meduza жаңалық сайтының бас редакторының орынбасары Александр Поливановтың өткізген шеберлік сабағы журналистикадағы жаңа жанрға – күрделі ақпаратты жеңіл тілмен жеткізуді көздейтін тү­сін­дірмелі журналистикаға арналды.
«10 жыл уақыт ішінде Медиа құрылтай отандық БАҚ нарығын дамытумен байланысты жүйелі мәселелерді талқылауға арналған тұрақты алаң ретінде Қазақстан медиа нарығындағы айтулы оқиғаға айналды, – дейді Қазақстан Баспасөз клубы президенті Әсел Қарауылова. – Біз жыл сайын көкейтесті әрі сапалы контентті, жергілікті және халықаралық сарапшылардың сараптамасын, өзекті шеберлік сабақтарын ұсынып, мамандарға өзара байланыс орнатуға мүмкіндік жасаймыз. Осыдан 10 жыл бұрын туындаған біздің осы бастамамыз медиа саласындағы басты іс-шараға айналып отырғанына қуаныштымын».
Media құрылтай’17 бас серіктесі – «Верный Капитал» Компаниялар тобы, ресми серіктесі – Chevron. Іс-шара «Филип Моррис Қазақстан», kaspi.kz, KCell, SANTO компанияларының қолдауымен өткізілді; ресми әуетасымалдаушы – Air Astana, ресми хабар таратушы – «Новое телевидение».

Әсел БЕРІМЖАРОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X