Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Кәсіп бастаудың тетігі

Ауылда кәсіпті қалай бастау керек? Табысты қызмет саласын қалай табуға болады? Кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі қайсы? Міне, осылар – әлде бір кәсіп бастаушылардың бас ауыртар сұрақтары.

Қазір ауылдық жерлерде жұмыссыздарды оқыту, соның ішінде, кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірленген. Солардың бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Оның шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асырды. Негізгі мақсат – шалғай ауылдарда жұмыссыз жүрген жастарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды кәсіп бастауға үйрету және қолдау. Курстың қатысушылары бір айдың ішінде кәсіпкерлік негіздерін үйретеді: қаржылық сауаттылық, маркетинг және заң мамандығы негіздері, бизнес жоспарлар мен шешендік дағдылар. Жобаны іске асыруы жыл басынан бері қолға алынған. Жалпы, облыста «Бастау Бизнес» жобасы 6 ауданды қамтиды. Осы уақытқа дейін 966 шәкірт дәріс алды. Олардың ішінде 220 адам өз кәсібін ашты. Көбісі мемлекеттен шағын несие алып, өз идеяларын іс жүзінде қолданып отыр.
Кәсіпкерлер палатасында белгілі болғандай, «Бастау Бизнес» түлектері негізінен мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және жүк тасымалдауға ыңғай танытады. Себебі, аталған салалар ауылдық жерлерде сұранысқа ие. Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП оларға барынша жақсы жағдай жасап келеді.
Мәселен, Андрей Зелевский мүмкіндігі шектеулі жан болса да, өзінің идеяларын іске асырғысы келеді.

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

– Дәріс алған соң полимерлік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бизнес-жобаны қорғадым. Ұзақ уақыт бойы жеке ісімді ашу идеясы болды. Осы ретте ойыма «Бастау Бизнес» сап ете қалды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғамы министрлігі өткізген конкурстың жеңімпазы болдым. Кейінірек «Мобильді полимерлік қалдықтарды қайта өңдеу» атты өзімнің жобам гранттық қаржыландыруға ие болды, – дейді «Бастау Бизнес» жобасының түлегі. Андрей Зелевский бұл қаржыға шағын кәсібін дөңгелетуге жабдықтар сатып алды. Бір айдан соң қоқысты қайта өңдеуді бастайды.
Әулиекөл ауданының тұрғыны Рыскүл Ақдәулетова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір ай білім алды. Өз сөзінде тәуекелге барып, екі миллион теңге көлемінде шағын несие алғанын айтты. Бұл ақшаға 10 бас ірі қара мал сатып алды. Оның айтуынша, бұл жоба жастарды ауылда қалдыруға және өз бизнесін бастауға ынталандырады.
– Ауылдың малын бағатын жастар шығып келеді. Тек қана қорықпау керек. Әр істің басында сені қиыншылық күтіп тұрады. Әрі қарай шаруа оңалып, жетістікке жете бастайсың. Мемлекет те жағдай жасап отыр, барлығы өз қолымызда, – деді кәсіпкер.

Ангелина СИНЕВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X