Валюта бағамы: $ 364.35 419.95 5.56 ¥ 52.52

Ынтымақтастықтағы жаңа серпін

Бейжіңде Халықтар жиналысының үйінде ресми сапармен Қытай Халық Республикасына келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуінен кейін кеңейтілген құрамда қазақстан-қытай келіссөздері басталды.

         ҚХР Төрағасы  өз сөзінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Қытайға жасаған ресми сапарын және ШЫҰ саммитіне қатысуын аса жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. «Президент мырза, Сіз біздің еліміз бен халқымыздың бұрыннан бері келе жатқан досысыз. Сіз достық пен ынтымақтастықты дамыту үшін қомақты үлес қосып келесіз. Біз екі арасында достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деді Ху Цзиньтао. – Сіздің жасаған сапарыңыз қытай-қазақстан қарым-қатынасын және стратегиялық ынтымақтастығын әрі қарай нығайтуға қосымша серпін беретініне кәміл сенемін».

         Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев ҚРХ төрағасы Ху Цзиньтаоға кездесу барысында қонақжайлылықпен,  достық пейіл және ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді. «Сіз білетіндей, біз жуырда тәуелсіздіміздің 20 жылдығын атап өттік. Біздің еліміздің тәуелсіздігін Сіздің мемлекетіңіз алғашқылардың бірі болып таныды. Біз осыншама қысқа уақыт ішінде елдеріміздің арасында жасалған ынтымақтастықта аса ауқымды нәтижеге қол жеткіздік. Соңғы ондаған жылдарда саяси, экономикалық ынтымақтастықтың барлық бағыттарында аса серпінді қадам жасалды. 2002 жылы тату көршілік, достық және әріптестік жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл посткеңестік елдердің жасасқан бірінші келісімі болды. Біз 21-ші ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы, жалпы стратегиялық әріптестік жөнінде декларация сияқты маңызды құжаттарға қол қойдық. Жоғары деңгейде сапармен алмасу өзара  сенімнің биік көрсеткіші болып табылады», – деді Н. Назарбаев.

        Екі ел басшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР және ҚХР біріккен  декларациясына қол қойылды. Сонымен қатар  екі ел үкіметі арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізу қосыны жөнінде біріккен декларацияға қол қойылды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру