Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

Үздік жобалар анықталды

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкерлер мектебі» атты 18 бен 29 жас аралығындағы жас әрі креативті азаматтарға арналған жобаның шешуші мәресі өтті.

Аталған жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік потенциалын оятып, жастарды кәсіпкерлікке баулу, жас кәсіпкерлердің құзыреттік деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін, бизнес-жоспар дайындауда консультативтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды қорғау алаңын ұйымдастыру, «Идея жәрмеңкесі» байқауын өткізуді көздейді.
Қатысушылар оқу барысында бизнестің қыр-сырын меңгеріп, болашақта жүзеге асырғысы келетін жобаларын комиссия алдында қорғап шықты.
Жаңашылдығы, әлеуметтік маңызы жағынан сәйкес келетін 6 студенттің жобасы іріктеліп алынды.

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

Олар:
1. Бастауыш сыныптарға арналған қосымша білім беру орталығы;
2. Жастық және көрпе шығаратын шағын цех;
3. Автошиналарды резеңке, металл, және тоқымаға қайта өңдеу;
4. Перделерді тігіп шығаратын тігін шеберханасы;
5. Жұмсақ ірімшікті шығаратын шағын цех;
6. Балаларды емдейтін массаж орталығы.
Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Анна Чакалова түрлі фабрикаттарсыз, қоспасыз, табиғи таза өнімнен жергілікті халықты қамтамасыз етпек. Аннаның отбасысы сүт өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығымен ертеден айналысады. Ата кәсіпті қуған студент бизнес-жоспарын алдағы уақытта міндетті түрде жүзеге асырамын, – дейді. Айтуынша, жас кәсіпкерлер мектебінің арқасында түрлі тың идеялармен танысып, болашақ бизнесменге қажет қасиеттерді меңгеріпті.
Байқауда бағын сынаған әр қатысушының тыңғылықты дайындалғандығы көрініп тұр. Есеп-қисаптары, маркетингтік жағынан есептелуі, шығын мен кіріс, жүзеге асыру орны тиімді таңдалған, бизнес бастаудағы барлық жайттар жан-жақты қамтылған. Бұл ең әуелі Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлерінің еңбегі – дейді, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.
Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Даму» қоры, Жас кәсіпкерлер кеңесі, Іскер әйелдер кеңесі мен аяғына нық тұрған, бизнесін нөлден бастаған кәсіпкерлерден құралған комиссия мүшелері барлық бизнес-жоспарларға жоғары бағасын беріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың бастауыш жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ернар Орманов


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру