Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Доп тепкен озар

Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында футзалдан студенттер лигасының финалдық кезенінің ойындары аяқталды.

Шараның ашылу салтанатына білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және футзалдан студенттер лигасының президенті Дамир Шыныбеков қатысып, футзал додасының Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосатындығын ескере отырып, барлығын финалдық кезеңінің ашылуымен құттықтады. «Біз осы 4 жылдың ішінде өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік. 72 ЖОО, 200-ден астам колледж және 12 қыздар командасы Қазақстанда алғаш рет жиелі түрде қатысатын болады. Жалпы көлемде 35 000 спортшы мен жанкүйерлер қамтылған. Бұл деген осы қысқа мерзімде жеткен нәтижеміз. Мен қала әкіміне, демеушілерімізге, білім министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Және де, келесі жылы осы үлкен аренада әр мемлекттен келген 24 ұлттық құрамалар әлем чемпионатында бас қосады», – деді Д.Шыныбеков.

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

Салтанатты ашылу шарасында қала студенттері би билеп, «Ayumi» тобы өз өнерлерін ортаға салды. Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры, Халық қоры, Huawei, ҚР футзал ассоциациясы және Қайрат футзал командасы жарыстың басты демеушісі мен серіктестері ұйымдастырған турнирге Қазақстанның әр аймағынан келген 24 мықты командалары бақ сынады. Нәтижесінде теңбіл доп додасының жеңімпазы болып Каспий университетінің студенттері атанды. Каспий университеті командасы финалдық ойында Қарағанды экономика универсиетінің ойыншыларын 6:4 есебімен ұтты. Қола жүлдеге IT халықаралық университетінің студенттері ие болды. Үшінші орын үшін болған матчта IT халықаралық университетінің студенттері ЕТУ студенттерімен негізгі уақытта 1:1 ойнап, матчдан кейінгі пенальтиде 3:1 есебімен жеңді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X