Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

Замана түйткілдері – Астана клубы алаңында

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордамызда өткен Еуразия құрлығының ертеңіне қатысты өзекті мәселелер кең ауқымда сарапталатын бірегей өңірлік басқосу алаңы – Астана клубының үшінші отырысына қатысты.

«Үлкен Еуразия – 2027» текетірес немесе серіктестік» атты екі күнге созылған халықаралық жиында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының жұмысы аясында қазіргі заманның түйткілді мәселелерін шешудің тиімді жолдарын табуға болатынын атап өтті.
– Біз әлемге соңғы уақытта жетіспей жатқан нәрсені бергіміз келеді. Бұл дегеніміз – жаһандық міндеттерді шешу үшін бірігу, ауызбіршілік пен толеранттылық таныту. Қазақстандық дипломатия диалогқа, мәмілеге, өзара тиімді әріптестік түсінігіне негізделген. Мұның бәрі Сирия мәселесі бойынша бітімгершілік әрекетімізден, ядролық қаруға қарсы бастамаларымыздан, күн тәртібіндегі мәдениет, өркениет және әлеуметтік-экономикалық мәселелердегі дағдымыздан анық байқалады. Қазақстан – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі. 2018 жылдың қаңтарында еліміз кеңеске төрағалық етеді. Соған байланысты әлемде болып жатқан өткір оқиғаларды ескереміз, – деді Қазақстан Президенті.

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

Мемлекет басшысы халықаралық терроризм мен экстремизмнің күшеюіне әкеп соқтыратын әлемдегі геосаяси және идеологиялық күйреудің белең алып келе жатқанын айтты.
– Жаһандық дамудың жаңа беталысы Шығыс – Батыс бағыты бойынша геосаяси, геоэкономикалық және геоидеологиялық күйреудің белең алуы жағдайында жүріп жатыр. Саяси қуғын-сүргін, жоқшылық, білім беру мен денсаулық сақтау деңгейінің төмендігі халықаралық терроризм мен экстремизмнің күшеюіне себепші болып отыр, – деді Елбасы.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі жүйесінде бірқатар мәселелердің бар екенін атап өтті. Бұл мәселелер әлемнің экономикалық және технологиялық кеңістігін бөле-жарып, қауіп төндіретін санкциялық текетіреспен байланысты болып отыр. Біріншіден, бүгінгі таңда әлемдегі экономикалық және технологиялық кеңістікте қалыптасқан жағдай күрделі. Бәсекелес экономикалық орталықтардың айналасында үлкен блоктардың құрылуы нәтижесінде әлемдік жаңа сауда тәртібі қалыптасып, ол Дүниежүзілік сауда ұйымы рөлінің төмендеуіне, протекционизмнің күшеюіне әкелуі мүмкін. «Саяси қысымды желеу еткен экономикалық мақсаттағы санкциялық соғыстар халықаралық сауда мен әділ бәсекелестікке қауіп төндіріп отыр», – деді Елбасы.
Екіншіден, жағдайдың осылай ушығуы кейінгі онжылдықта әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы топтардың пайда болып, қақтығыстардың көбеюіне әкеліп соқты. Қазақстан Президенті жаһандық шиеленістің күшеюіне әсер ететін милитаристік пиғылдың таралуын, қарулану үдерісінің артып келе жатқанын, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану қаупінің қайта пайда болғанын айтты. «Жаһандық қысымның өсуі қару-жараққа сұранысты арттырды. Былтыр әскери шығын тағы да өсіп, 1,7 триллион долларға жетті немесе әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,2 пайызын құрады. АҚШ әскери шығынын – 611 млрд доллар, Қытай – 215 млрд доллар, Ресей – 69 млрд доллар, Үндістан 56 миллиард долларға дейін көбейтті. Бұл аталған мемлекеттердегі ұлттық кірістің үлкен бөлігі. Әскери шығындардың көбеюі – жаһан қауіпсіздігіне қатер ғана емес, экономикалық және адам капиталы үшін аса өзекті даму қажеттілігі мен жер бетінде береке-бірлік орнатуға мүмкіндік бермейтін тиімсіз әрекет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы ядролық қарудың зияны жөнінде айта келіп, бүкіл әлемді абыржытып отырған Корея түбегіндегі шиеленіске тоқталып өтті. Осы ретте алпауыт елдер арасында ядролық қаруды қысқарту және зымыранға қарсы қорғаныс мәселелерінде ортақ келісім жоқтығы адамзатты алаңдатарлық жәйт болып отыр.
Қазақстан Президенті өзінің 2016 жылы жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі жеке көзқарасын мәлімдегенін атап өтті. Елбасы Қазақстанның әлемде тұңғыш рет өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет екенін, еліміз ширек ғасырдан астам уақыт атом бомбасын таратпау идеясын және антиядролық қозғалысты тұрақты қолдап келе жатқандығын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы бүгінде халықаралық терроризм мен экстремизм апаттық ауқымға ие болғанын атап өтті. Қазіргі таңда әлемнің кез келген түкпірі содырлардың нысанасы болуы ықтимал.
– Үшінші мыңжылдық басталғалы террорлық актілердің де, қаза болғандардың да саны он есе өсті. 104 елде террорлық акт жасалды. Бұл – әлемнің тең жартысынан астамы. Географиясы мен ауқымы жағынан біз, шартты түрде айтқанда, үшінші дүниежүзілік соғыс – террорға қарсы соғыс жағдайындамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы терактілер бірте-бірте дамыған елдерге ауа бастағанын атап өтті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері үшін 2015 жылдың қиыншылығы көп болды. Президент келтірген мәліметтерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын Жер шарындағы терроризм оқиғаларының саны жеті жүзден асып жығылса, ЭЫДҰ құрамындағы мемлекеттердің 21-і лаңкестердің нысанасына іліккен. «Ислам атын жамылған ағымдар өздерінің әсер ету аумағын үлкейтіп, көптеген мемлекеттердің территориясына күшпен еніп отыр. Қайшылықтың туындауына қарамастан, бейбіт алпауыт елдер Таяу Шығыста ИЛИМ-мен (ДАИШ) күрестің іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік тапты. Әйтсе де, талқандалған содырлар басқа аймақтарда қайта бас көтеруі мүмкін екенін түсінген жөн. Бұл – барша Еуразия үшін үлкен сынақ», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы тағы бір алаңдатарлық түйткіл ретінде бақылауға келмейтін жаһандық көші-қон мәселесін атап көрсетіп, мұның себебін жоқшылық пен аймақтарда әр кез орын алып тұратын қақтығыстармен байланыстырды. «Соңғы 25 жылда әлемдегі халықаралық мигранттардың саны екі есе өсіп, бүгінде 250 миллион адамнан асқан. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, дамыған елдердегі миграция үлесі 5%-дан 10%-ға дейін артқан. Шамамен олардың 66 миллионға жуығы босқындар мен заңсыз көшіп-қонғандар», – деді Елбасы.
Жаһандық деңгейде халық санының өсуі азық-түлік ресурстары тапшылығын өзекті мәселелер қатарына қосуда. Елбасы төрткүл дүниені толғандырған келесі мәселе – таза ауыз судың жетіспеушілігіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ алдағы 40 жылдың ішінде әлем астыққа арналған егістік алқабы көлемін 2 есеге ұлғайту мәселесімен бетпе-бет келетінін жеткізді. Осы орайда, Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші ел ретінде аталған салаға ерекше көңіл бөлуі маңызды екенін атап өтті.
Еуразия әлемдік саясат пен экономикада жетекші орынға ие. Осы ретте өзара қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін қалыптастырудың маңызы зор. Қазақстан Президенті жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін Еуразия құрлығы қауіпсіздік, экономикалық өсім мен диалог саласында біріктіруші күн тәртібін ұсына алатынын айтты.
Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол», Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық өлшемі бастамаларын, «Нұрлы жол» бағдарламасын және басқа да жобаларды іске асыру Еуразия құрлығының жаңа геоэкономикалық кескіндемесін жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы ауқымындағы сараптаулар мен пікірталас орнықты жаһандық даму мақсатында әрі қарай нақты шешімдер қабылдау ісіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Жиын соңында Қазақстан Президенті достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Первый канал» акционерлік қоғамының бас директоры К.Эрнсті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X