Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

Стратегиялық әріптестіктің дамуындағы маңызды белес

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 9 қарашада Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысты. Екі елдің Президенттері, өңірлердің басшылары, мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, ғылым және білім саласының өкілдері Челябинск қаласында бас қосқан алқалы жиын адам капиталын дамыту тақырыбына арналды. Жиын аясында Ректорлар форумы, екі елдің арасындағы Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Елбасы алқалы жиынның жалпы отырысында сөйлеген сөзінде форум Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың және ынтымақтастықтың ажырамас әрі маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.
– Адам капиталын дамытуға бағытталған форумның Челябинскіде өтуінің символдық мәні бар. Біз осы жерде 2005 жылы өткен ІІ форумда оны жыл сайын өткізу жөнінде уағдаласқан болатынбыз, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл тақырып мемлекеттеріміздің басты назарында екенін және оның қазіргі технологияның, соның ішінде, цифрлық технологияның қарқынды дамып келе жатқан кезінде маңызды болып отырғанына тоқталды.

 wheat milling technology  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill plant manufacturers  |
 flour mill plant manufacturers  |
 how to start a flour mill  |
 maize flour milling machine  |
 maize flour milling process  |
 maize flour mill machinery  |
 wheat milling machines  |
 small wheat flour mill machine  |
 corn flour mill  |
 corn flour mill  |
 automatic flour mill  |
 wheat flour processing  |
 small scale flour mill  |
 flour milling equipment  |
 flour packaging machine  |
 automatic flour mill  |
 maize milling process  |
 wheat flour mill machine  |
 miniwheat  |
 corn mill grinder  
 flour milling machines  |
 maize milling machine for sale  |
 maize flour production  |
 corn flour making machine  |
 corn flour making machine  |
 corn grinder for sale  |
 cheap milling machine  |
 maize flour machine  |
 price of flour mill machine  |
 flour mill diagram  |
 corn milling equipment  |
 flour mill suppliers  |
 wheat flour mills  |
 maize flour machine  |
 corn mill machine  |
 flour mill machine  |
 wheat flour mill machinery cost  |
 flour mill diagram  |
 flour milling industry  |
 wheat flour mill plant  |
 flour packaging machine  |
 flour grinder machine  |
 wheat flour mill plant  |
 types of flour mills  |
 maize processing plant  |

– Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға дейін түрлі саладағы 60-қа жуық мамандық жойылып, олардың орнына 180-нен астам жаңа мамандық пайда болады. Адами даму туралы баяндамаға сәйкес, таяу 5 жылда еңбекке жарамды білім мен біліктің үштен бірі өзгереді. Бұл – біз үшін үлкен сын. Оны шешу ынтымақтастығымыздың бірден-бір маңызды басымдығы болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда адам капиталының барлық негізгі компоненттері бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Бұл дегеніміз – ең алдымен, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек нарығын және әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту.
– Бүгінде Қазақстанның 30-дан астам жоғары оқу орны ресейлік әріптестерімен бірлесіп, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Екі ел ғалымдарының перспективалы бағыттар бойынша ғылыми консорциумын құру мәселесін қарастырған жөн. Атап айтқанда, ол ақпараттық және биотехнологиялар, энергетика, ғарыш және басқа да салаларға қатысты болуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл ретте Назарбаев Университеті, Инновациялық технологиялар паркі, Ресейдің «Сколково» орталығы және басқа да ғылыми-зерттеу құрылымдары сияқты инновациялық кластерлердің әлеуеті пайдаланылуы тиіс. Аталған бағыттағы бірлескен жұмыстарға «Астана-ЭКСПО» инфрақұрылымының базасында құрылатын Халықаралық қаржы орталығы, ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі және «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық та өздерінің септігін тигізетін болады.
Еліміздің білім алуға сұраныс артып отырған өңірлерінде ресейлік жоғары оқу орындардың филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін атап өткен Елбасы денсаулық сақтау саласында да ынтымақтастықтың келешегі кемел екеніне назар аударды. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласын цифрландыру мен телемедицинаның ортақ желісін дамыту жөнінде тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл жұмыс Еуразиялық экономикалық одақ аясында басталып кетті. Мен Еуразиялық экономикалық одақтың цифрландыру жөніндегі форумын келесі жылдың бірінші тоқсанында Астанада өткізуді ұсындым. Қазақстан мен Ресей осы саланың локомотивіне айналуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығын құру, сондай-ақ осы саладағы келісілген ортақ ұстанымдарды қалыптастыру және фармацевтикалық өнімдердің еркін айналымы жолындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасын табуы қажет.
Еңбек нарығы мен әлеуметтік қорғау жүйесінде бірқатар бағыт бойынша бірлесе жұмыстар атқару қажеттігі атап өтілді. «Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ еңбек нарығын құру қажет деп шештік, – деді Мемлекет басшысы. – Оның тиімділігін арттыру үшін жұмысшылардың білімі мен біліктілігіне, іскерлігіне қойылатын талаптарды біріздендіру керек. Үкіметтеріміз осы жұмыстарды үйлестіріп, оларды сәйкестендіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет».
Осы тұрғыдан ортақ нарық аясында еңбек ресурстарының шоғырлануы халықтың еңбек нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстар жөніндегі мәліметтерден хабардар болуына байланысты. Сондықтан Елбасы Еуразиялық біріктірілген бірыңғай электрондық еңбек биржасын құру мәселесін қарастыру керектігін атап өтті.
Мемлекет басшысы қатысушылар назарын осыған дейін өңіраралық форум аясында талқыланбаған, цифрландырудан бөлек тағы да бірқатар мәселелердің бар екеніне аударды. Соның бірі – туризм. Көптеген елдерде туризм ішкі жалпы өнімді қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ресейде де, Қазақстанда да туризмді дамыту үшін әдемі жерлер көп. «Мысалға, ресейліктер жазда біздің Бурабайға, Балқашқа, Алакөлге, ал қыста Алматыдағы Шымбұлаққа және басқа да жерлерге демалуға келеді. Туристік операторларымыз мұның бәрін ұйымдастыруына болады», – деді Елбасы.
Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев келесі өңіраралық форумның тақырыбын «Қазақстан мен Ресейдің туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» деп белгілеп, оны 2018 жылы Қазақстанның Петропавл қаласында өткізуді ұсынды.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізетін «Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа» жүрдек теміржол магистралі жобасын қолдайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келіп, бұл іс-шара өркендеудің жаңа тетіктерін тауып, елдерімізде адам капиталының дамуына серпін беретініне сенім білдіріп, форумға қатысушылардың жұмысына жеміс тіледі.
ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша ҚР Президенті мен РФ Президентінің екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесі қабылданып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде мемлекетаралық, үкіметаралық және екі ел өңірлері арасындағы бірнеше келісімдер мен шарттар бар. Сондай-ақ іскерлік топтар арасында да бірқатар келісімдер жасалды.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру