Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

Нарықта тәртіп қажет

2017 жылдың соңын көптеген салалар тағатсыз тосып жүр. Өйткені, осы уақытқа қарай Қазақстанның Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа заң мен зергерлік саласы дамуының жол картасы қабылданатыны туралы айтылды.

Жер қойнауы туралы заң кеңінен хабарланып, салалық және қоғамдық пікір-таластар өткізілді. Ал, жол картасымен жұмыс жариясыз түрде өтті деуге болады. Зергерлік салаға қатысты заңнама екі жыл бұрын өзгергенімен, кейбір нормалар мен шарттар нақтылау мен жөндеуді қажет етті. Бұған қоса, жаңартылған заңда бірқатар мәселелер есепке алынбай қалды. Жол картасы бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін қажет.
Сала ойыншылары жол картасынан не күтеді? «Қазақювелир» АҚ өндіріс бойынша директоры Алмаз Жұмашев өз пікірімен бөлісті:
– Әрине, басты күтетініміз – бұл нарықта тәртіп орнатуға арналған шаралар кешенінің жасалуы. Әрі олар ашық болуы тиіс. Заңда зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сынамалау және таңбалау, сараптау мен оларды өткізу бойынша мемлекеттік бақылау нормалары жазылған. Алайда, бұл шаралар «сұр импортқа» қарсы күресуге дәрменсіз. Заң жұмыс істеуі үшін мемлекет монополиямен бөлісті. Және де бұрын сынамалауды аккредитациялау «НаЦэКС» АҚ-ның Сынамалау палатасында болса, қазір бұл құқық бізге де берілген. Дегенмен, «сұр» тасымалдаушылар бұл норманы ескермейтіндіктен, барлық қазақстандық зергерлер тиімсіз жағдайға тап болды: біз салық төлейміз, сол себепті баға да жоғары. Біз тауарды «сұр» әкелуді анықтау және болдырмау бойынша тиімді шараларды алға тартуға белсенді түрде қатысып жатырмыз. Жол картасының тағы бір маңызды пункті – кедендік ауыртпалықты төмендету. Инвестиция және даму бойынша министрлікте сала үшін жабдықтарды кіргізуге баж салығын азайту мәселесін қарастыруға уәде етті. Картаның кейбір пункттері жүзеге асырылған. Мемлекет аффинаждық зауыттарға алтынның бір бөлігін зергерлерге тікелей сатуға рұқсат берді. Бұл шара біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетті.
Әрине, біз күтіп, жай қол қусырып отырмыз деуге болмайды. Біз жыл сайын өндіріс көлемін арттырып келеміз. Жаңа жоспар, идеялар бар. Қазіргі уақытта Ресейден келген бұйымдар зергерлік бұйымдар импортының басты бөлігін құрайды. Біз «этно» үлгісіндегі эксклюзивті бұйымдарды импорттау арқылы кері экспансияны жоспарлап отырмыз. Бұл бағыт әлемге танымал болғанымен, біз ең жақын көршімізден бастауды дұрыс деп шештік. Біздің шеберлеріміз керемет эскиз жасау арқылы дәстүрлі қазақ нақыштарын түрлендіре түседі. Бұл ретте біз сібір этникасына бәсеке бола аламыз деп ойлаймыз.
Ал, тұтынушыға сапа мен сапасыздық арасындағы айырмашылықты көрсету және оны «жабайы» нарықтан алып кету үшін күллі ел ішінде жаңа дүкендер аша бастадық. Онда тек тіздің ғана емес, сонымен бірге Ресей, Армения, Беларусь, Германия мен Италия бұйымдары ұсынылған. Бұл өнімдердің бәрі жоғары сапалы. Біз барлық тауарларға өмір бойына кепілдік береміз.
«Казахювелир» АҚ жаңа салоны Астанада қазанның 26-да ашылды.

ЕРНАР ОРМАНОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X