Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

«Алтын жүрек» иегерлері анықталды

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш шараны «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шараға қатысып, сөз сөйледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл жолғы «Алтын жүрек» сыйлығына Қазақстан бойынша 455 өтініш келіп түскен. Игі шара аясында «100 игі іс» дәстүрлі қайырымдылық фотокөрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Салтанатты рәсімде қонақтар мен биылғы жылғы лауреаттарды «Ұлытау» тобы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиева, Нұрғали Нүсіпжанов, «Меломен» тобы, Жәмилә Серкебаева, Аша Матай, Арман Қоңырбаев және басқа танымал өнер жұлдыздары құттықтады.
Нәтижесінде «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» Екатерина Яценко (Екібастұз қаласы), «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» Мұрат Әділханов (Алматы қаласы), «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» Біржан Қожақов (Орал қаласы), «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» «Алматы марафон» қайырымдылық іс-шарасы, «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» Расима Темербаева (Алматы қаласы), «Жыл меценаты» Сергей Спицын (Алматы қаласы), «Ақпараттық қолдаушы» Майра Әбдірахманова (Алматы қаласы), «Жылдың қайырымды адамы»Темірлан Шайнүсіпов (Алматы облысы, Ақ терек ауылы), «Жыл ұйымы» «Kaspі Bank» АҚ, «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» «28 петель» клубы (Алматы қаласы), «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» Виктория Шарбону мен Элизабет Турнок (АҚШ) үздік деп танылды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X