Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

Еңбек етсең ерінбей…

Нұрлан ҚҰМАР

Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жетісу» кәсіби футбол клубының футболшыларын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі А.Баталов: «Құрметті «Жетісу» футбол клубының ойыншылары мен жетекшілері! Биылғы жылы команда алдына қойған міндеттерді орындап, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Бірінші лигада сәтті ойын көрсете отырып, чемпионат аяқталғанға 5 тур қалғанда мерзімінен бұрын Премьер-лига маусымына өту құқығына ие болды. Бұл рухтың мықтылығының, жеңіске деген құштарлықтың, жаттықтырушылардың, ойыншылар мен басшылықтың бірлескен табанды еңбегінің нәтижесі. Ендігі басты мақсат – 2018 жылғы Премьер-лига командаларының арасында Қазақстан чемпионатында кәсіби деңгейде өнер көрсету, алғашқы қатардан орын алып, жанкүйерлерді жеңіспен қуанту. Сіздерге бұдан әрі де береке-бірлік, сәттілік пен жеңістер тілеймін!» – деді.
Содан кейін сөз алған ы Қазақстан Футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов жетісулықтарды Премьер-лигаға мерзімінен бұрын жолдама алған жетістігімен құттықтады.
Салтанатты жиын марапаттаумен жалғасып, футболдан өткен XXVI Қазақстан чемпионатында бірінші лига командаларының арасында I орынды иеленген «Жетісу» кәсіби футбол клубының ойыншылары арнайы медальдармен, кубоктармен, сол сияқты облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Ойыншыларды облыс әкімі Амандық Баталов марапаттады. Ал екінші орынды иеленген «Қызылжар» командасының ойыншыларына марапатты Қазақстан Футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов табыстады. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Атап өтсек, команда футболдан өткен XXVI Қазақстан чемпионатында бірінші лига командаларының арасында I орынды иеленіп, Премьер-лигаға мерзімінен бұрын жолдама алған болатын. «Жетісу» стадионында бірінші лиганың 26-шы финалдық матчы өтіп, ойын қорытындысында талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжар» командасын 2:0 есебімен ұтты.
Қазір Алматы облысында футболдың дамуына ерекше назар аударылып келеді. Қазіргі кезде өңірде футболмен 111 мың адам айналысады. Облыста 900-ге жуық футбол алаңдары мен 22 стадион жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X