Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Кәсіпкерліктің дамуы – ел әлеуетінің артуы

Алматыда инвестицияларды тарту саласындағы ірі халықаралық «Almaty Invest» атты форум жұмысы өтті. Дәстүрлі және өз тұғырнамасына беделді саясаткерлерді, бизнес көшбасшыларды, инвестициялық менеджерлер мен қаржылық сарапшылардың басшыларын жинады. Осы жылы форумға әлемнің 28 елінен 500-ден астам адам қатысты.

Форумды аша отырып, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз құрайтын әлемнің ең үздік 600 қалаларының қатарына кіріп, бүгінгі күні қала жаһандық бәсекелестікке қатысатынын атап өтті. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқа­сын­да Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Алматы экономикасы 100 есеге, тұрғын үй қоры 2 есеге, шағын және орта кәсіпорындар саны 120 есеге өсті. Сауда, қаржы және басқа қызметтер 88% құрайды. 2016 жылдың Worldwide Cost of Living рейтингісінде Алматы өмір үшін арзан және тартымды мегаполистердің бірі деп танылды. Біз өмір сүру сапасын жақсарту мен қолайлы инвестициялық климатқа басым назар аударамыз. Бұл – «Алматы-2020» бағдарламасының негізгі басымдықтары», – деді Б.Байбек.
Қала әкімі Қазақстан Президентінің ауқым­ды институционалдық реформаларының арқа­сында әкімшілік кедергілерді айтарлықтай қыс­қартқанын атап өтті. Инвесторларды қала­лық қызмет көрсету орталығы және «Казахстан Инвест» ұлттық компаниясының өкілдігі сүйемелдейді. Шешімдердің ашықтығы бизнес пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі комиссияларының, оның ішінде жекешелендіру мен МЖӘ, Алматыдағы сарапшылар мен іскерлік кеңестердің жұмысына кеңінен қатысуымен қамтамасыз етіледі. Шағын және орта бизнесті жеңілдікті несиелендіру бағдарламалары арқылы мыңдаған жобалар жүзеге асырылуда. Басымды салаларда заттай гранттар, субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.
Кездесу барысында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сондай-ақ 28 елден 500-ден астам қатысушысы жинаған форумда «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) мұнай консорциумы мен «Schneider Electric», «KazSpo-N» және «Bureau Veritas» компанияларымен келісім­шарттар жасалды. Келісімшартқа Қазақстанда бұрын тек шет елде жасалынатын отқа төзімді өнеркәсіптік киімді, модульді электрлік станциясын, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы машина құрылысы заводының АРІ және ASME халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттауды бағамдайды. Келісімдердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион АҚШ долларына жетеді.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Иран Ислам Республикасының Хорасан-Резави провинциясының губернаторы Алиреза Рашидианмен кездесті. Кездесу барысында екі жақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Қала әкімі Иранның Таяу Шығыс елдерінің арасында Қазақстанның екінші сауда әріптесі екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Алматы мен Иран арасындағы тауар айналымы 17,7 млн. АҚШ долларын құрады, қалада ирандық капиталдың қатысуымен 107 кәсіпорын бар. А.Рашидианның айтуы бойынша екі жақтық ынтымақтастықтың зор әлеуеті құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық химия өндірісі, туризм және басқа салаларда көрініс табады. Сондай-ақ Алматы қаласында өткен ирандық өндірушілер­дің көрмесі әріптестік қатынастарды нығаюына тағы бір алаң болды. Иран делегациясының кездесуі барысында Алатау ауданындағы өнеркәсіптік ай­мақтың әлеуеті таныстырылды. Хорасане-Резави провинциясы жыл сайын 1 миллиард доллардан астам сомаға тауар экспорттайды, олардың 60 пайызы өнеркәсіптік өнімге келеді.
Сонымен қатар Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарының аясында қалдықтарды сұрыптау зауытының құрылысы барысымен танысты. Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы «Green Recycle» ЖШС жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сұрыптау үрдісі барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады. Жылына 550 мың тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Алматы әкімінің айтуынша, тұтастай алған­да қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсар­тады. «Мемлекет басшысы қала экологиясы мәселесіне ерекше назар аударады. Алматы қаласының даму бойынша соңғы кездесуінде Мемлекет басшысы қоқыс проблемасын жүйе­лі түрде шешу, оны кешенді өңдеуді және пайда­ланудың толық циклін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Зауыттың құрылысы біз үшін басым жоба болып табылады, бұл ЭКСПО-2017 мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін маңызды бағыт. Қазір біз бірінші кезекте қоқысты іріктеп, одан кейін оны қайта өңдеуге мүмкіндік беретін жүйені құрып жатырмыз», – деді қала әкімі.
Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарының аясында Алатау ауданында орналасқан индустриалды аймақтың жұмысын тексерді. Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы құны 191 миллиард теңге болатын 40 жоба тіркелді. Қаланың әкімдігімен индустриалды аймақтарды жаңа жобалармен толтыруды арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қала әкіміне жұмыс сапары шеңберінде Бостандық ауданының Бағанашыл шағын ауданы және Медеу ауданының Таир көшесі бойынша, Жетісу ауданының «Кіші Алматы» өзені бойынан Волочаевская көшесі бойынша бөктерді күшейту бойынша құрылыс жұмыстарының барысы жайлы баяндады. Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.
Өз кезегінде, Бостандық ауданы Бағанашыл шағынауданында жобалаушылар сейсмикалық жане топырақ қасиеттерін еске ала отырып, тіреу кабырғасының типін әзірледі. Нысанды жылдың аяғына дейін өткізу жоспарлануда.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X