Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Ақпараттық технология – басты заман талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз – ХХІ ғасырдың«ақпараттық технология ғасыры» деп аталуында. Ақпараттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» қалыптастырды.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», делінген.
Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік техноло­гиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірде-бір мүм­кіндік. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық- ком­муникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін студент жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурс­тарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақ­стан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының ма­ңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін жоғарғы оқу орындарында мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отан­шылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлт­тық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақ­станның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пәнінің маңызы, әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып- білудегі рөлімен анықталады.
Оқыту міндеттері: әлемнің Ақпараттық-ком­муникативтік технологиялар жаратылыс­тану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолда­ну. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді орын­­дауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар, факультативтік сабақтарын өткізу ұсынылады.
Сабақтан тыс жұмыстар:
– зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;
– олимпиадалар, конкурстар, тақырыптық кеш­­тер;
– таңдау боыйынша элективтік курстар;
– онлайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқау­лары;
– Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде.
Ақпараттық-коммуникативтік технология­лар, олар: киберқауіпсіздік, бұлтты және мо­биль­ді технологиялар, Smart технологиялар, E-технологиялар.
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі: Киберқауіпсіздік индустриясы. Киберқауіпсіздік және Интернетті басқару. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғанудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіп­сіздік саласындағы стандарттар мен специфи­кациялар. Қазақстан Республикасының ақпа­раттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші құқық­тық қатынастар заңнамасы. Электрондық цифрлық қолтаңба. Шифрлау. Бұлтты және мобильді технологиялар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидалары. Виртуалдау технологиясы. Бұлт­ты Web-қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдер мен тұжырымдамалары. Мобильді сервистер. Мобильді технологиялар стан­­дарттары. Smart технологиялар. Үлкен деректер. Блок чейн технологиясы. Жасанды интеллект. Smart-сервистерді пайдалану. АКТ-дағы жасыл технология. Телеконференциялар. Телемедицина. E-технологиялар. Электронды бизнес. Электронды оқыту. Электронды үкімет.
Электрондық бизнес: Электрондық бизнестің негізгі модельдері. Электрондық бизнестің ақ­параттық инфрақұрылымы. Электрондық биз­нестегі құқықтық реттеу.
Электрондық оқыту: архитектурасы, құрамы және платформалары. Электрондық оқулықтар.
Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. Дамыған елдерде элек­трондық үкіметті іске асырудың форматтары. Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялы АКТ. Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық жасақтама. Медицина, энергетика және т. б. кәсіби салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Ин­дустриялық Ақпараттық-коммуникативтік тех­но­логиялардың қауіпсіздігі.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компью­терлік сауаттылығы ақпараттық-коммуни­ка­тивтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-комму­никациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Тиыштық ХАКИМОВА,
әл-Фараби атындағы
Казақ ұлттық университеті


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Әсет
    17.10.2017 at 3:55 pm

    Қазір ақпараттық технологияларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Мұның артықшылығымен қоса кемшіліктері де бар.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X