Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

АЗУЛЫЛАРДЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

Күш-жігер мен шыдамдылық сайысы

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен V Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті. Еліміздің намысын бес спортшы қорғады. Биылғы чемпионатқа 30 елден 170-ке жуық спортшы бақ сынады. Ақтық сайыс­та он жекпе-жек өткізілді.

Атап өтсек, Санжар Әділов (56,7 келі), Денис Муцнек (65,8 келі), Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі), Еркінбек Інжел, (84 келі) және әйелдер арасында Мария Агапова (61,2 келі). Бұған дейін ұлттық құраманың үш спортшысы – Алтынбек Бақтыгелдиев (70,3 келі), Әлімжан Сүлейменов (93 келіден жоғары) және Зарина Қадырбаева (52 келі) қол жүлдені иеленген болатын.
Финалдық сайыстары аясында Санжар Әділов (56,7 келі) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанып, чем­пиондық белбеуді иеленді. Ал Денис Муцник (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа қарсы шықты. Бұл жекпе-жекте Денис өзінің бар палуандық өнерін салды. Партерге түскенде, көп жағдайда, басымдық көрсетті. Алайда ресейлік қарсыласы да қарап қалған жоқ, ауыр соққыларын дарыта білді. Екінші раундтың аяқ жағында Муцник қарсыласын екі рет тұншықтырып көрді. Алайда Абдулмуталип сытылып шықты. Төрешілер шешімімен ресейлік спортшы жеңімпаз атанды. Ал Денис Муцник күміс жүлдені олжалады.
Ақтық сында Еркінбек Інжелдің (84 келі) ресейлік спортшы Магомед Шаxрудиновпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Еркінбек бірінші болып сериялық соққысын дарыта білді. Ал партерде өз қарсыласын тұншықтырып көрді. Алайда өзінен төрт жас үлкен ресейліктің тәжірибесі анық байқалды. Шаxрудинов тұн­шықтыру тәсілінен шығып қана қоймай, Еркінбектің қимылын әб­ден орап тастады. Сөйтіп жүріп, өз соққыларын дарыта білді. Екінші раундта Еркінбек оң қолымен қарсыласының шабуылын шебер тоса білді. Алайда екеуі тағы да партерге түсіп қалды. Бұл жолы ресейлік спортшы қазақтың үстінен түспей қойды. Еркінбек екі рет сілкіп көрді. Бірақ Шаxрудинов өз басымдығын берген жоқ. Төрешілер өз шешімін ресейліктің пайдасына шығарды. Осы­лайша, финалдық жекпе-жектерде ресейліктерге қарсы шыққан қа­зақстандық спортшылардың барлы­ғы ұтылып қалды.
Ару қызымыз Мария Агапова беларусь спортшысын жеңді. Орта салмақ­та 61,2 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте екі спортшы да барын салды. Екеуі де үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Төрешілер екі раундтың қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтай алмады. Содан қосымша раунд тағайындалды. Бұл жолы Марияның мерейі үстем болды. Осылайша жекпе-жектен өткен әлем біріншілігінде қазақ спортшылары 2 алтынға қол жеткізді. Балуандарымызға сәттілік тілейік, ағайын!

 Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X