Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ АРТПАҚ

Мәжiлiс үйiнде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексi жобасының және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы жобасының таныстырылымы өттi, деп хабарлайды Baq.kz сайтынан. Кодекс жобасымен Инвестициялар және даму вице-министрi Тимур Тоқтабаев таныс­тырды.

Вице-министр жобаның негiз­гi жаңалықтарына тоқ­талды. Атап айтсақ, олар – пайдалы қазбалар қорын есепке алудың халықаралық стандарттарға негiзделген жүйесiне көшу; «бiрiншi өтiнiм» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң австра­лия­лық моделiн енгiзу; гео­логиялық ақ­параттың ашық­­тығын қамтама­сыз ету; жер қойнауын пайдаланушы­лар­дың мiндеттi есептілiгi; жер қойнауын пайдалану салдарын жою тәртiбiн жетiлдiру.
«Алғаш рет Кодексте уран барлауды реттеу ерекшелiктерi айтыл­ған. Уран барлау жалпы пайдалы қазбаларды барлау лицензиясы аясында жүзеге асады. Келiсiмшарттық режим мен уран барлау келiсiмшарты лицензия бойынша барлау жұмыстары аяқталғаннан кейiн бекiтiледi. Келiсiмшарт «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық ком­паниясымен тiкелей келiссөздер бойынша ғана бекiтiлмек. Ал негiзiнен уран барлау қатты табиғи шикiзатты барлаумен ұқсас келедi», – дедi Тоқтабаев.
Ал заң жобасымен таныстырған Энергетика бiрiншi вице-министрi Махамбет Досмұхамбетов уран кен орындары жер қой­науының стратегиялық учаскелерiне жат­қы­зылғанын айтты. Оның айтуынша, Ұлттық компания арқылы жүзеге асырылатын уран кен орындарын барлау мен өндiруде мемлекеттiң басым құқығы қағидасы қолданылады. Ал барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын ҚР ИДМ бередi.

 Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X