Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ОҚО инвестициялаудан озып тұр

Бұлай деп мақтайтын да жөні бар екен. Осы жылдың сегіз айында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып, 5 868,5 млн. теңгені құрайтын 2 096 жоба несиелендірілген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре мәлімдеді.
Орталық басқармасы төрағасының мәліметі бойынша, қаржыландырған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,5 пайызға артқан. Ал қаржыландыру сомасы 20,5 пайызға көбейіп отыр. Ал, 2017 жылы қаржыландырылған ең көп жоба Мақтарал ауданы екен. Яғни, 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 443 жоба қаржылай осында қолдау тапқан.
«2009-2017 жылдар аралығында қаржылан­ды­рылған жобалар келесі басым бағыттар аясында жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Индустрияландыру картасына енген 36 жобаны сомасы 7 697,2 млн. теңгеге қаржыландырса, мал шаруашылығы бағытында 22 957,3 млн. теңгеге 10 186 жобаны, дала жұмыстары бойынша 6 075,9 млн. теңгеге 5 098 жобаны, ал, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге 1 559,2 млн. теңгеге 55 жоба сынды тағы да басқа түрлі бағыттар қаржыландырылған», — деді Қуаныш Байтөре.
Бүгінде «ОҢТҮСТІК» АИО-ның несие қор­жыны 12 665 млн. теңгеге ал, «Ырыс» МҚҰ несие қоржынының көлемі 10 664,0 млн. теңгені құрап отыр. Инвестициялық орталықпен қар­жыландырылған жобалардың 34 пайызы өндірістік бағытта болса, микроқаржы ұйы­мының несие қоржынының 65 пайызы мал шаруа­шылығына бағытталған.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X