Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Алма­тыдағы «Ғылым ордасында» ұлы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, Ұлттық ғылым академиясының ал­ғашқы академигі, филология ғылым­дарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған «М.Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Аталмыш шараны ҚР білім және ғылым минстрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ғылым ордасы» РМК, Алматы қаласының әкімшілігі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Мемлекеттік тарихи-мәдени, және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі ұйымдастырды.

Симпозиумға АҚШ, Голландия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Түр­кия сияқты елдердің белгілі әдебиет зерттеуші ғалымдары, мемлекет, қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, Қазақстан республикасының ғылым және мәдениет кайраткерлері қатысты.
Халықаралық дәрежедегі сим­позиум М.О.Әуезов ескерт­кішіне гүл шоқтарын қою рәсі­мімен басталды. Одан кейін қатысушылар арнайы дайын­далған кітап көрмесімен және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жайымен танысты.
Салтанатты жиынды ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы У.Қалижанов кіріспе сөзбен ашып: «Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау» деген еді. Міне, ел еркіндігін аңсап өткен абзал азаматын туған елі бүгінде ардақ тұтып отыр», – деп ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, ҚР ҰҒА академигі М.Жұрынов М.Әуезовтің туысқандары мен шараға қатысушыларды ұлы заң­ғар жазушының мерейтойымен құттықтады.
Шараға қатысқан Алматы қа­ласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің алғы сөзінде: «Бола­шаққа бағдар: Рухани жаң­ғыру» бағдарламасында Елбасы өзіміздің рухани мәдениетімізді, тілімізді және әдебиетімізді сақтау керекпіз деп атап айтқан еді. Мұхтар Әуезовтың қаламы – қазақ клас­сикалық әдебиетінің ең үздік мысалына және болашақ буынның таусылмас шабытына айналды», – деп атап өтті.
Шара барысында, мектеп оқу­­шыла­рының «Менің Әуезо­вім» атты шығар­машылық конкурсы­ның жеңімпаз­дарын мара­паттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, М.Әуезов шығармашылығы мен оның ғылыми мұрасы жөнінде, оның еліміздің қазіргі дамуына тигізетін әсері жөнінде қазақ­стандық белгілі ғалымдар мен драм­атургтер ғылыми баяндама жасады. Баяндамашылардың қатарында Беларусь Республикасы Ақпарат минис­трінің орынбасары (Минск қ.). А.Карлюкевич, РҒА М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының Ресей Федерациясы және ТМД елдері әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор (РФ, Мәскеу қ.). К.Сұлтанов, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.). т.б. белгілі ғалымдар мен әдебиеттанушылар болды. Баяндамалар легі пленарлық отырыспен жалғасын тауып, бір күнге созылған халықаралық шара жоғары деңгейде өтті. Қазақстанның беделді ғалым-филологтары симпозиум барысында қазақ әдебиетіндегі Әуезовтің шығармашылық және ғылыми мұралары жөнінде және оның заманауи ғылым мен әдебиетте алар орны туралы сөз қозғалды.
Мұхтар Әуезов Семей, Ташкент, Ленинградта оқып жұмыс жасады. 1930 жылдан бастап Алматыға көшіп келді. Сол кезеңдегі қаланың тағдыры мен өмірі «Алматы күні» атты шығармасында сипатталды. Бүгінде жазушыларға арналған Төлебаев көшесіндегі 185 үй Алматыдағы қазақ мәдениетінің ерекше бойтұмардай орталықтарының біріне айналды. Дәл осы жерде ол өзінің атақты «Абай жолы» шығармасын аяқтап бітірді. Әкімдіктің қолдауымен ес­керт­кіш үй-музей «Астана-Строй­инвест» корпорациясы арқы­лы қай­та жөнделді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X