Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

АСПАНАСТЫ ЕЛІ КЕРЕКУМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды. Ресми сапардың мақсаты – жаңа инвесторларды тарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деп хабарлайды облыс басшысының баспасөз қызметі.

Ресми сапардың алғашқы күні павлодарлық делегация Қытай еліндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – YEMA корпорациясының өкілдерімен кездесті. «YEMA GROUP CO. LTD» басшысы Чен Ганның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай арасында шекараның бес учаскесі ашық, сондықтан мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттеп, инвестиция салу үшін еш кедергі жоқ.
Бұл мақтаулы компания Үрімшіде жоғары технологияларды дамыту және меңгеру өндірістік аймағында орналасқан. Корпорацияның жарғылық капиталы 150 миллион Қытай юанын құрайды. YEMA 20 жылдың ішінде сыртқы экономикамен, қаржы институттарымен, мәдени туризммен және салааралық қызметпен айналысатын компанияға айналған.
– Басында біз сіздерге ірі қы­тай­лық компаниялармен байла­ныс және ауылшаруашылығы саласын­да ынтамақтастық орнату үшін көпір ретінде қызмет етуге дайынбыз, – деді Чен Ган. – Сіздердің өнімдеріңіз экологиялық тұрғыдан ең таза болып есептеледі. Ал, бізге бұл өте қажет. Сонымен қатар, Қытайда сатуға болатын битум шығарасыздар.
Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов қабылдаушы тарапқа алғыс білдіріп, бүгінгі күні Павлодар облысында Қытай компаниялары мұнай өңдеу зауытында құрылыспен айналысатынын атап өтті.
– Біз сіздерді өзімізде инвестор ретінде көргіміз келеді, – деді өңір басшысы. – Павлодарда әлеуметтік-экономикалық аймақ жұмыс істейді. Сол жерде инвесторларға жақсы мүмкіндіктер ұсынылады. Сіздерді сол жерде күтеміз және кез келген қолдау көрсетуге дайынбыз. Тиіп-қашып жұмыс істеу өте ауыр. Сондықтан сіздерге не керек екенін және бізден қандай көмек болатынын анықтау керек. Сіздердің Қытай бойынша байланыстарыңыз ны­ғайған. Компанияларыңыз біз­дің облысқа басқа инвесторларды тартуға көмектеседі деген үміттеміз.
Павлодарлық делегация бұдан кейін Шаньси провинциясында ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша Қытай көрмесінің бесінші сессиясының жұмысына қатысты. Сонымен қатар павлодарлық делегация Шаньси провинциясының кәсіпорындарына барып, кәсіп­кер­лерімен кездесті, бірнеше мемо­ран­д­умға қол қойылды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X