Валюта бағамы: $ 335.33 395.49 5.7 ¥ 50.75

ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Алматы әлемдік стандартқа сай гүлденіп келеді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көптеген игі істерді атқарып жүргені белгілі. Небәрі екі жыл ғана алып шаһарды басқарып келе жатқан Б.Байбектің миллионнан асып жығылатын мегаполисті көркейтуге көптеген үлес қосқаны белгілі. Қала әкімі Б.Байбек осы аз уақыттың ішінде Алматыны гүлдендіріп қана қоймай, көптеген ірі саяси, мәдени, спорттық шараларды да өткізіп үлгерді. Соның бірі – биылғы жылы елімізде өткен Дүниежүзілік XVIII Қысқы универсиаданы атап өтуге болады.

Жақында Алматы қаласына жұмыс сапары­мен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Алматы қаласы Наурызбай ауда­ны­ның әкімдігі мен әкімшілік ғимараттар кешенін аралап көрді. Елбасы Алматы қала­сын­дағы жұмыс сапары барысында Нау­рызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орта­лығын барып көрді. Қала әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Қазақстан Президентіне Алматының жаңа ауданын салған кезде елімізде жасалған құрылыс материалдарын пайдалану деңгейі 95 пайызға жеткенін мәлімдеді. Екі мектеп, 3 емхана, 17 спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынды. 33 балабақша құрылысы мемлекет-жекеменшік серіктестігі қағидаты бойынша жүзеге асқан. Ауданның 100 пайыз газбен қамтамасыз етілуі маңызды инфрақұрылымдық жетістік саналады.Бұдан бөлек, Наурызбай ауда­нының әкімі С.Сайфеденов Мемлекет басшысына салық түсімдерінің 11 есе артқаны, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны төрт есе өскені және Алматының полицентристік стратегиясы аясында табысты дамып келе жат­қаны жөнінде баяндады.
Бұдан кейін қала әкімі Б.Байбек пен Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы емхананы аралап көрді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысын­да Наурызбай ауданындағы «Туған жер» бағдар­ламасы аясында салынған жаңа емханада болды. Қазақстан Президентіне бұл емханада ал­ғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатымен скринингтік зерттеулер жүргізу жос­парланып отырғаны баяндалды. Сонымен қатар мұнда рентген диагностикасы бөлімшесі, офтальмолог, отоларинголог, торакальді және абдоминалды колопроктология кабинеттері ашылған, тағы басқа бөлмелер жабдықталған. Емханада азаматтарды элек­трондық тіркеу орны, Call-орталық бар. Онда Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасы ор­наласқан.
Елбасыға жуық арада «Қалқаман» шағын ауданында тағы бір медициналық мекеменің ашылатыны және «Тау самалы» шағын ауданында да емхананың құрылысы басталатыны жөнінде мәлімделді.
Қала әкімі мен Елбасы Алматы қаласындағы алаң мен қайта жөнделген көшелерді аралап көрді. Қазақстан Президенті Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілерге ыңғайланып қайда жөнделген Жібек жолы, Панфилов көшелерін және «Астана» алаңын аралап көрді.
Мемлекет басшысына Алматы қаласының тұрғындар мен қонақтар үшін жайлылығын арттыру мақсатымен жүргізілген ауқымды қайта жөндеу жұмыстарының басты нәтижелері туралы мәлім­дел­ді. Сонымен қатар Мемлекет басшысына қаланы абаттан­дыру, жаяу жүргіншілер мен жол қозға­лысындағы көлік жүргізуші­лердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне бағытталған заманауи шешімдер жөнінде айтылды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы қаласы бүгінде Қазақстанның қаржы, мәдени және ғылыми орталығы болып саналатынын атап өтті. Елбасы Алматының инфрақұрылымы жақсарып келе жатқанын атап өтті. Соңғы екі жыл ішінде қалада 100 мың ағаш отырғызылып, 42 шақырымдай арық жүйесі қалыпқа келтірілді, 60 шақырымнан астам велосипед жолы салынды. Қазақстан Президенті қалаға келетін туристер санының артқанына назар аударды. Мемлекет басшысы Алматы біз үшін мәңгілік Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып қалатынын айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы кез келген қаланың экономикасын тұрақты дамыту оның өркендеуіне негіз болатынын атап өтті. Ел дамуының жаңа кезеңі басталған кезде бұл ерекше маңызға ие болады. Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаев Алматының теңгерімді дамуының және оның экономикалық әлеуетіне әсер ететін бірқатар мәселелерді жүйелі түрде шешудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көлеңкелі бизнесті заңды жұмыс істеуге көшіруді тапсырды. Елбасы өсімнің көрінбейтін резервтерін анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігіне және мем­лекеттік-жекеменшік серіктестік са­ла­­сындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отыр­ғанына тоқталды. Инновациялық өнім кө­ле­мінің екі есе қысқарғанына да назар аударылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы инновациялар өсімін қамтамасыз ету үшін «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының әлеуетін мейлінше пайдалану қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қала әкімдігіне қоқысты кешенді түрде қайта өңдеу және оны толық жоюды қамтамасыз ету мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың Алматы мен бүкіл Қазақстанның игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.
Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды. Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олар­дың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық өңірінде стадиондар кешенді қайта жөндеуден өткенін, мемлекет тарапынан футболды дамыту үшін жүйелі қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға зор денсаулық тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді.
Қала әкімі мен Мемлекет басшысы Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты. Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Елбасыға халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Қазақстан Президенті әуежайды кешенді жаңғырту аясында жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Соңында Н.Ә.Назарбаев қала әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X