Валюта бағамы: $ 334.92 395.88 5.71 ¥ 50.69

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ

Жүйрікке құрым жапқандай…

Астанада «Astana Marathon 2017» қайырымдылық марафоны өтті. Сайысқа әлемнің 19 мемлекетінен 4,5 мың адам қатысты.

Марафонның нәтижесі бойынша, 42,192 шақырымдық жарыста бірінші орын кениялық Саймону Кипругут Кируйге, екінші орын тағы бір кениялық Генри Кипсангуге бұйырды, ал 3-ші орын қазақстандық Алмат Имашев иеленді. Әйелдер арасында бірінші, екінші және үшінші орындарды Гүлжанат Жанатбек, Ақмарал Мейірман мен Мария Киреева өзара бөлісті. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов желаяқтарға ақшалай сыйлықтар табыс етті. 21,1 шақырымдық жарыста әйелдер арасында Дана Айдосова (бірінші орын), Ольга Богомольская (екінші орын), Алейша Уон (үшінші орын) жеңімпаздар деп танылды. Дәл осы ара қашықтықта ерлер арасында Алексей Гусаров (бірінші орын), Құдайберген Зейноллаев (екінші орын), Евгений Медведников (үшінші орын) көрінді. Марафондық қашықтықта жеңімпаз спортшыға 850 мың теңге көлемінде ақшалай сыйға және кез келген бағытта әуе билетіне ие болады. Ал екінші орынға – 200 000, үшіншіге – 100 000 теңге берілмек. 21,1 шақырымда мәре сызығын бірінші болып басқан адамға 60 000 теңге, екіншіге – 50 000, үшінші орынға 40 000 теңге табысталады.
Стайерлік, 10 шақырым­дық жарыста ерлер арасында бірінші орыннан Бейбіт Серіков, екінші орыннан Ерасыл Мұқтай, үшінші орыннан Артём Чижевский көрінді. Әйелдер арасында бірінші, екінші, үшінші орындарды Жақсыгүл Мұсырмау, Евгения Булгакова және Перрин Бера өзара бөліске салды. Айта кетейік, 10 шақырымдық қашықтықты бірінші болып еңсергенге 30 000 теңге, екіншіге – 25 000, сондай-ақ үшінші орынды иеленген адамға 20 000 теңге берілді.
Осылайша дәстүрлі жарысқа айналған марафон жарысы биыл да жалғасын тапты. Ал бұдан бір ай бұрын Елордада Халықаралық мамандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне орай марафон жарысы ұйымдастырылған болатын.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X