Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ШАРШЫ АЛАҢДАҒЫ ТАЙТАЛАС

Былғары қолғап шеберлері жарады

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс сайысы өтті.

Жанкүйер қауым кәсіп­қой бокста бақ сынап жүрген бір топ қазақстандық шеберлердің өнерін тамаша­лады. Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) қарсыласы Исмаэль Буэноны (15-7, 10 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді. Али Ахмедов (9-0, 7 КО) пен Джастин Томас (18-3, 7 КО) арасындағы жекпе-жек тартысқа толы болды. Дегенмен, қазақстандық боксшы қарсыласын сегізін­ші раундта тех­никалық но­каутпен тізе бүктірді. Өз кезегінде Айдос Ербосынұлы (7-0, 6 КО) Хонатан Херонимо Барбадильоны (17-5-1, 14 КО), Нұрсұлтан Жаңабаев (3-0, 2 КО) Алекс Сандро Дуартені (13-2-1, 10 КО) бірінші раундтың өзінде естен тандырып, нокаут­пен жеңіске жетті. Ал ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев (4-0, 4 КО) болса, Андрес Матиас Афранлиді (5-1, 5 КО) жекпе-жектің төртінші раун­дында техникалық нокаут­қа түсірді. Бұдан кейін шаршы алаңға көтерілген Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) Жилберто Перейра дос Сантосты (14-5, 10 КО) және Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) Бруно Леонардо Ромайды (21-5, 18 КО) ұпай санымен ұтты.
Бұл шараның басты жекпе-жегі қазақстандық был­ғары қолғап шебері Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен Канада елінің боксшысы Брэндон Кук (18-1, 11 КО) арасында өткен болатын. Жекпе-жекте жүлде ретінде бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental тұжы­ры­мының WBO NABO белдігі тігілген болатын. Тоғызыншы раундта жерле­сіміздің екінші тынысы ашылғандай, шабуылды үдете түсті. Ақыры оныншы раунд­қа жетпей жатып-ақ төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осы­лайша техникалық нокаутпен ұтқан Қ:Ислам өзінің 25-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental тұжырымының WBO NABO чемпиондық белдігін иемденді.


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Әлібек
    19.09.2017 at 4:59 pm

    Жарайсың, Қанат бауырым! Үмітімізді үзбедің.

  • Алуа
    19.09.2017 at 5:12 pm

    Бокс белдесуінде біздің жігіттер күшті нәтиже көрсетті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X