Валюта бағамы: $ 364.95 416.99 5.55 ¥ 52.58

Кәсіп түбі – нәсіп Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мақта талшығын өндіре отырып қайта өңдейтін – «South Textiline kz» кәсіпорнына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан кәсіпорын қызметінің басты бағыттары мақта-матадан иірілген жіп және берік маталарды өндіру жұмыстарына арналған. Орнатылған заманауи технологиялардың арқасында фабрика жылына сегіз мың тонна мақта талшықтарын өңдей алады. Кәсіпорында шығарылатын тауар өнімінің жылдық көлемі ұзындығы мен жасалуына қарай әр түрлі. 2009 жылдың аяғында жобалық қуаты көтерілген фабриканың жоспар бойынша сату көлемі былтырғы жылы 3 052 523 мың теңгені құраған болатын.

«South Textiline kz» кәсіпорнында шығарылатын өнімдер көбінесе шетелдерге – Италия, Германия, Чехия, Балтика және ТМД елдеріне экспортқа жіберіледі. Бүгінде жүнді өткізу нарығын кеңейту және өндіріске сәтен матасының барынша тиімді ассортиментін енгізу жұмысы жүргізіліп отыр. 400-ге жуық адам еңбек ететін жеңіл өнеркәсіпте өз саласының білікті мамандары қызмет атқаруда. Кәсіпорын басшылығы тарапынан әлеуметтік жағдайдың маңыздылғына да баса назар аударылғандығы көңіл қуантады. Мәселен ауыл тұрғындарын еңбекке орналастыру мақсатында өнеркәсіпке аймақтың жастары, оның ішінде 169 әйел жұмысқа алынған.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан 3 млрд теңге мөлшерінде кредит алған «South textiline KZ» ЖШС 2010 жылдың аяғында шет мемлекеттерге тауар шығаруға бағдарланған кәсіпорын ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты негізінде субсидияланған болатын.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру