Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Ұзынағашта жаңа мектеп ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай, Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды.

Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мектептің «Білім кілтін» салтанатты табыстау рәсіміне қатысты. Өңір басшысы Өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде биылғы жылдың өзінде облыста 49 000 бүлдіршіннің 1 сыныпқа барғалы отырғандығын қуана хабарлады. Облыс әкімі оқушылардың сабақтарын жақсы оқып, ұстаздарынан өмірлік тәлім-тәрбие алып, білім нәрімен сусындап, еліміздің болашағына сүбелі үлесін қосар саналы азамат болып өсетіндіктеріне сенім білдіретіндігін жеткізді. Ата-аналар атынан ардагер ұстаз Алтынжан Нүсіпалиева, Ұзынағаш ауылындағы орта мектеп ғимаратының құрылысын жүргізген бас мердігер «Риголит» ЖШС-ның директоры Сейдула Сарсеков, мектеп директоры Серік Тілепбергенов сөз алды. Маслихат депутаты, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әскербек Абаев батасын берді.
Осыдан кейін жаңа ғимараттың лентасы салтанатты түрде қиылып, облыс әкімі бастаған бір топ қонақтар мектептің ішкі құрылымымен танысып, құрылыс сапасын тексеріп шықты.
Ғимаратта барлық материалдық-техникалық базамен қамтылған 60 оқу кабинеті, соның ішінде арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 химия, 2 физика, 2 биология, 2 ЛМК, 4 информатика кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 кітапхана, 2 технология кабинеті, 2 спорт залы мен 230 орындық асханасы да бар.

Нұрлан ҚҰМАР,
Алматы облысы


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Марат
    08.09.2017 at 1:20 pm

    Жаңа мектеп құтты болсын!

  • Зарема
    11.09.2017 at 12:06 pm

    Мектептер ашыла берсін. Ауыл мектептері көп болсын.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X