Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

IT-стартаптар паркі құрылады

Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев Назарбаев университетінде өткен «nFactorial Incubator Demo Day 2017» мобильді қосымшалардың фестиваліне қатысты.
Министр шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтай келіп, өзі басқарып отырған ведомство жас бағдарлама жасаушылардың жемісті жобаларына барынша қолдау білдіруге әзір екенін жеткізді.
– Мемлекет басшысы біздің алдымызға «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жасап, шығаруды жүктеді. Осы бағдарлама аясында халықаралық IT-стартаптар паркі құрылмақ. Өнімдеріңіз капитал әкелетіндей жағдайға жетуі үшін бар мүмкіндік жасалады. Бұл аса маңызды. «Amazon» алаңына минутына 200 мың АҚШ доллары жұмсалады екен. Демек, жобалар жемісін беруі керек, – деді Д.Абаев.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X