Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Жүйені жетілдіруге бағытталған заң жобасы

Алматы қаласында қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың төрағалық етуімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларына түсіндірме беру және сатып алудың жаңа тәсілдерін талқылау бойынша семинар өтті.

Семинарға Қаржы министрлігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, атап айтқанда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкімдіктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын заңнамалы түрде реттеу қарастырылған заң жобасын әзірледі.
Сонымен қатар, заң жобасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізу көзделген.
Сондай-ақ Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №348 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына бірқатар тұжырымдамалы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, олар ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енді. Аталған өзгерістер ең алдымен құрылыс саласындағы сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Енді материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді, тіркеуге тиісті техниканың техпаспортын қоса берсе, жеткілікті болады.
Еңбек ресурстарына қатысты қойылатын талаптар да осылайша жеңілдетіледі, мұнда инженерлік-техникалық қызметкерлердің аттестатталғандығын ғана растау керек.
Қағидаларға енгізілген бұл өзгерістер өтінімдерге үстірт қарау және негізсіз кейінге қалдыру жағдайларын еселеп қысқартады және бәсекелестікті арттырады.

Бекет КӨКЕНАЙҰЛЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X