Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

ЕЛІМІЗДІҢ экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және АӨК мемлекеттік инспекция комитеті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Елбасы тапсырмаларын орындау аясында өнімдерді экспорттау көлемін ұлғайту бойынша кешендік шаралар жүзеге асырылуда, бұл отандық өнімдерді әлеуеттік өткізу нарығына жылжытуға қолдау көрсетуге бағытталған (Иран, ҚХР, БАЭ, Сауд Арабиясы, Израил және т.б.).
Осы мақсаттар үшін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ, сондай-ақ шет елдердегі ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз әрекеттесу кезінде «Продкорпорация» ҰК» АҚ АӨК экспорттық орталығы рөлінде шығып отыр.
Орталықтың тапсырмасы болашағы бар өткізетін елдер үшін сыртқы нарықтардың талдауын жүзеге асыру және өнімдерді жылжытудың жол картасын құру болып табылады, өнімдерді экспорттау бойынша консультациялық қызмет көрсету, оның ішінде келісім-шарттарды сүйемелдеу, АШТӨ өнімдерін форвардтық сатып алу және ірі экспорттық партияларды құру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарығында талап ету үшін өткізудің экспорттық арналарын құру, сақтандыруды тапсыру және АШТӨ экспорттық келісім-шарттарын кепілдендіру, шатырлы брендтерді жылжыту, «KZ ORGANIC FOOD» қосқанда.
Атап айту қажет, Министрлікпен ветеринариялық талаптарды келісімдеу жағына сыртқа нарықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, осы жылы мамыр айында Пекинде «Бір белбеу, бір жол» форумы аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын балға қойылатын Ветеринариялық талаптар хаттамасына қол қойылды.
Сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласына арнайы келуі аясында Қазақстаннан Қытайға мұздатылған қой етін экспортауға Талаптар хаттамасына қол қойылды.
Бұл хаттама ұсақ малды соятын, қой етін өндіретін, оны сақтайтын, қораптайтын, таңбалайтын және сататын кәсіпорындарымен мұздатылған қой етіне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптардың орындалуына бағытталған. Хаттамаға қол қою – бұл, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына қол жеткізу бойынша 2-3 жыл бойы жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі.
Анықтама: бүгінгі күні Қазақстан Республикасынан ҚХР-на балық және балық өнімдері, жылқы тұқымдас жануарлардың экспорты болуы мүмкін. Бұл үшін қытай тарапы жағынан ветеринариялық сертификаттардың үлгілері келісілген болатын.
ҚХР стандарттарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін тамақ қауіпсіздігіне тексеру бойынша қазақстандық шекара маңындағы ветеринариялық зертханаларды аккредитациялау бойынша шаралар аясында Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттық жеткізу мақсатында қазақстан тарапы бастамасымен 2017 жылғы 9 тамызда «Хоргос» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы әкімшілігінің көмегімен орталықтың аумағында (Алматы облысы) ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандарымен СУАР провинциясы бойынша ҚХР сапа, инспекция және карантинді қадағалау бас басқармасының Ғылым және техника департаментінің өкілдерінің кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында зертхана-лық бақылау саласындағы ынты-мақтастық мәселелері талқыланды, жекелей алғанда зертханалық тексерістерді өткізу кезінде зерттеулер нәтижелерін өзара мойындау үшін стандарттар мен бақылау әдістерін үйлесімдендіру бойынша көңіл бөлінді.
Бұл кездесу ветеринариялық бақылау саласында біріккен Қазақстан-Қытай қатынастары-ның одан әрі дамуына әсерін тигізді.
Бұдан басқа, бүгінгі күні Иран тарапы жағынан Қазақстаннан Иранға тірі қойды, суытылған және мұздатылған қой етін жеткізуге ветеринариялық талаптар келісілген.
Қазіргі уақытта ҚР-нан Иранға мұздатылған қой етін экспорттауға ветеринариялық сертификаттың жобасын келісімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстандық қой еті және тірі қой үшін ирандық нарықтың ашылуы Қиыр Шығыс елдеріне (БАЭ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар және т.б.) экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Брифинг барысында осыған ұқсас жұмыстар БАЭ, Сауд Арабиясы, Израилдың тиісті органдарымен жүргізіліп жатқаны жөнінде атап айтты.
Сонымен қатар, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы айтылды.

Аманкелді ШОПАН


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Алмаш
    22.08.2017 at 3:04 pm

    Ендеше бастама сәтімен өтсін. Нәтижесі жақсы болатынға ұқсайды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X