Валюта бағамы: $ 333.32 392.58 5.64 ¥ 50.02

«Болашақ» бағдарламасының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берілді

Ақорда алаңында бас шырша жарқырады

«Болашақ» бағдарламасының тиімділігін  арттыру жөнінде тапсырма берілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан-ның үшінші жаңғыруының басымдық-тарының бірі ретінде адами капитал сапасын жақсартуда «Болашақ» президенттік стипендиясының рөлі айрықша екенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова кадрларды даярлау және білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы буыны ретінде бағдарлама түлектерінің әлеуетін пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін айтты.
Отырыста Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.
Комиссияның шешімімен стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.
Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келіп, бағдарламаны іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X