Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ВАКЦИНАЦИЯ МІНДЕТТЕЛУІ МҮМКІН

Белгілі болғандай, Қазақстанда заңмен вакцинацияны міндетті түрде талап ету енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта заңнамаға түзетулер топтамасы әзірленуде. Оның ішінде, мәселен, вакцинацияны міндетті түрде талап ету мәселесі де талқылануда. Бірақ, мұны жақтаушылар да, қарсы болушылар да бар. Біз барлық тараптың пікірін ескеруіміз керек. Әзірше, бұл мәселеге қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ», – деді ол.
Жасыратыны жоқ, Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни уәжбен қауіпті инфекцияларға қарсы салынатын екпелерден адамдардың бас тартып жататындығы да елімізде кездеседі. «Олардың арасында мұсылмандар да, христиандар да бар. Бұл ретте көп жайт түсіндіру жұмыстарына байланысты. Өйткені, адамды екпе жасауға немесе қан құюға мәжбүрлеуге біздің құқығымыз жоқ. Бұл азаматтардың өзінің түсінігі мен жауапкершілігіне байланысты. Дегенмен, бұл тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп атап көрсетті министр.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X