Валюта бағамы: $ 387.37 428.55 6.06 ¥ 55.06

ЖАҢА ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бұл компания еліміздің туристік саласына инвестиция тартпақшы. Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде ілгерілету үшін ұлттық компания құрылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Өткен аптада үкіметтің қаулысымен «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды. Бұл акционерлік қоғамның бірінші міндеті – Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, екінші – инвестиция тарту», – деп хабарлады Мұхамедиұлы баспасөз мәслихатында.
Сөйтіп, жаңа компанияның көмегімен еліміздің туристік саласына инвесторларды тарту көзделіп отыр. «Қазіргі уақытта көптеген шетелдік инвестор Қазақстанның туристік саласына қаражат құюға мүдделі. Өйткені Қазақстанның табиғаты керемет, мүмкіндіктер мол, ал ең бастысы елімізде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі», – деді ол.
Ұлттық компанияның бюджетіне тоқталған А. Мұхамедиұлы биылғы жылы қызметкерлерге жалақы мемлекеттік бюджеттен төленетінін, ал келесі жылдан бастап компания өз шығынын өзі өтейтінін жеткізді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру