Валюта бағамы: $ 330.39 392.04 5.65 ¥ 50.04

Жердің нәрі – тыңайтқыш

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  кафедра меңгерушісі
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Әлемде аумағы жөнінен алғашқы ондыққа енетін Қазақстанның жер көлемі ұланғайыр. Мұндай кең-байтақ өлкеде мал шаруашылығын өркендетуге де, жайқалтып бау-бақша, егін өсіруге де мүмкіндік молынан жететіні өзінен-өзі түсінікті. Дегенмен, жылдан-жыл үздіксіз пайдалану әсерінен топырақ құнарлылығының кемитіні, сөйтіп, алынатын өнім мөлшерінің төмендейтіні түсінікті жәйт.
Жер құнарлылығын арттырудың ғасырлар бойы сыннан өткен әдіс-тәсілдері бүгінде аграрлық өндірістің агрохимия сынды ғылым мен техника жетістіктеріне негізделген серпінді саласының өзегін құрап отыр. Біздің елімізде озық аграрлық-химиялық технологияларды тарататын өңірлік хаб құру мақсатымен шетелдік инвесторларды тарту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту мен жаңа қуаттарды іске қосуға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жандандыру қолға алынды. Статистика деректеріне жүгінсек, ауыл шаруашылығының минералды тыңайтқыштарға деген жыл сайынғы қажеттілігі 1,0 млн тоннаны немесе нақты салмақта шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Мұның 48 пайызы азотты тыңайтқыштардың, 51 пайызы фосфорлы тыңайтқыштардың және 1 пайызы калийлі тыңайтқыштардың үлесіне тиесілі. Бұл ретте қаржыландыру тетіктеріне де тоқтала кету керек. Өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау құралдары негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен бақтарды гектарлық субсидиялауға бағытталған. Бұдан басқа, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, биоагенттер-энтомофагтар және биопрепараттар субсидияланады. Республикада фитосанитариялық қауіпсіздік қанағаттанарлық деңгейде, зиянкестермен күрестің биологиялық әдістерін қолдану даму үстінде.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жерлеріндегі арамшөптерге, карантиндік нысандар мен қауіпті организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджет есебінен, ал зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Ал, карантиндік нысандармен және зиянды организмдермен күрес фитосанитариялық саламаттылықты қамтамасыз ету ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін тікелей тарту жолымен жүзеге асырылады. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау бойынша тетіктер өзгертілмек. Бұдан басқа, гербицидтерді ғана емес, сондай-ақ инсектицидтерді, фунгицидтерді, дефолианттарды және пестицидтердің басқа да түрлерін субсидиялау үшін заңнамалық негіз құрылатын болады. Ғылыми негізделген нормативке көшу бағаның негізсіз артуын болдырмауға, қолданылатын тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуды және олардың түр-түрін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштарды қолдану көлемі артып келеді. Зиянкестерден тазартылып, жаңартылған жерлерде экологиялық таза өнім өндірілетін болады. Бұл орайда экологиялық таза, органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын реттеуді жетілдіру мақсатында органикалық өнімді өндіру, оның айналымы саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде, атап айтқанда ұлттық және халықаралық нормалар бойынша экологиялық таза, органикалық өнімнің сәйкес келуін растау және оны бақылау бойынша шаралар қабылданбақшы. Органикалық өнімнің эталоны – «Made in Kazakhstan» брендін енгізу үшін оны беру талаптары, тауар өндірушілерді іріктеу өлшемшарттары әзірленетін болады.
Сондай-ақ экологиялық таза өнім өндіру, оның айналымы және сертификаттау қағидалары халықаралық нормалармен және талаптармен, сондай-ақ Қазақстанның органикалық өнімін импорттаушы елдердің заңнамасымен үндестірілетін болады. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын, топырақ жақсартқыштары мен өсімді ынталандырғыштарды, экологиялық таза өнім өндіру кезінде қолданылатын басқа да биопрепараттарды өндіру мен қолдану бойынша нормативтік-техникалық құжаттар әзірленеді. Экологиялық таза өнімді өндіру, өткізу, экспорттау мен импорттау туралы статистикалық есептілік енгізіледі.
Ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық органикалық өнімге деген сұранысты ынталандыру және экологиялық таза өндіріс өнімін танымал ету үшін ақпараттық-насихаттық іс-шаралары, органикалық сектор мүдделерін халықаралық деңгейде, оның ішінде экологиялық таза өндіріс жөніндегі халықаралық көрмелерде, сауда алаңдары мен форумдарында білдіру қолға алынады. Сондай-ақ органикалық өндіріс технологиялары мен әдістерін таныстыруға арналған тәжірибелік шаруашылықтар, экологиялық таза өнім өндірушілер кооперациясы құрылатын болады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X