Валюта бағамы: $ 333.32 392.58 5.64 ¥ 50.02

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ

Ең танымал павильондар

Қазіргі уақытқа дейін көрмеге келіп кету көрсеткіші бойынша келушілер саны жоғары павильондардың үздік ондығының тізімі жасалды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Африка плазасы, Мысыр, Қытай, Түркия, Сауд Арабия Корольдігі, Малайзия бар.

Бұнымен қоса, адамдар көптеп тамашалайтын нысандардың ішінде «Нұр-Әлем», коммерциялық павильондар, «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, «С 3.5» тақырыптық павильоны, амфитеатр, «С 2.4» тақырыптық павильоны, шығармашылық энер­гия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы қамтылып отыр.
Қауіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді, олардың басым бөлігі – ересектердің балалардан көз жазып қалуы. Айта кетерлігі, күн өту, әлсіреу, сондай-ақ созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендер саны 146-ға жетті.
Бұнымен қоса, «Астана ЭКСПО-2017 ұлт­тық компаниясы қала күніне арналған мере­келік науқанды жариялады. Елорда күніне орай алғашқы он күндікте билеттер тегін беріледі. Астана тұрғындары мен қонақтары көрмеге үш билет сатып алатын болса, төртінші билет тегін беріледі. Сонымен қатар демалыс күндері 17 жасқа толмағандар көрмеге тегін кіре алады. Ал 12 жасқа толмаған балаларды тек ата-аналармен ғана кіргізеді. Оған қоса, жеке құжаттарды көрсету керек. Аталған билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады. Ал арнайы абонементті сатып алса, ЭКСПО аяқталғанша көрме аймағына кіріп-шығуға мүмкіндік бар.
Алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді. «Қазанат» ипподромында орналасқан этноауылда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жайықтың жауһар мұралары» музейлік көрмесі мен облыстық халық шығармашы­лы­ғы орталығының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 – әлем көрмесіне саяхат» кеңейтіл­ген сәндік қолданбалы қолөнер шеберлері және суретшілер көрмесі жабдықталады. Этноауылда облыстың шығармашылық ұжым­дарының этностильдегі концерті, ЭКСПО-2017 алаңындағы амфитеатрда өңір өнер ұжымдарының гала-концерті өтеді. Густав Малердің №8 симфониясын бұған дейін 1400 адам бір мезетте орындап, бұл оқиға Гиннес­тің рекордтар кітабында тіркелген болатын. Биыл осы әлемдік рекордты тұңғыш рет 1500 адамның қатысуымен қазақстандықтар жаңғыртпақшы. Сол секілді, 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде Әміре Қашаубаев ән салған еді. Биылғы көрмеде 55 қазақстандық әнші осы тарихи шараға қатысып, олардың есімдері дүниежүзілік өнер шежіресінің жылнамасында мәңгілік жазылып қалмақ. Оған қоса батысқазақстандық қос театр «ЭКСПО-2017» көрмесіне қа­тысып, он қойылымды көрермендер назарына ұсынбақшы. Биыл Хадиша Бөкеева атын­дағы облыстық қазақ драма театрына авто­көліктер, ЛЭД-экран сатып алуға, Сырым Датұлының 275 және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай спектакльдер қоюға 38 млн теңге бөлінді. Драматургтер Рахымжан Отарбаевтың «Сырым батыр» және Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» шығармалары бойынша тарихи драма және жергілікті жазушы Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» спектаклі әзірленуде. Сырымның сахналық бейнесі тұңғыш рет сомдалады. Театр өткен маусымда сегіз жаңа қойылымды сахналаса, енді алдағы маусымашарға Назым Хикметтің «Фархад-Шырын» драмасын дайындау үстінде. Мұнда Мехмедбану бейнесін кезінде Хадиша Бөкеева өте шебер сомдаған болатын. Еврипидтің «Троя аруларын» қазіргі техникалық мүмкіндікті пайдалана отырып, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында қою жоспарда бар.
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандан­ды­рылған көрмесі күндері қаланың шалғай аймақтарын көрме орталығымен байланыстыратын 7 жаңа «Shuttle Bus» бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмен­дету үшін «ALAY-ASTRA» және «Кең­Март-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырып отыр.
Бүгінде қалалық автобус паркі 1 025 автобустан тұрады, оның ішінде 358-і — кондиционермен жабдықталған жаңа автобустар. Жолаушылар тасымалы қызметіне 1192 жүргізуші тартылып, 1 101 кондуктор жол бойында жұ­мыс істеуде.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X