Валюта бағамы: $ 332.68 389.4 5.6 ¥ 49.85

Өзара тиімді ынтымақтастық – жаңа белесте

Ақорда алаңында бас шырша жарқырады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті.
Мемлекет басшысы Грузия Президен­тінің сапары айтулы оқиғаларға – елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
– Сіздің осы сапарыңызға және Грузияның көрмеге қатысқанына дән ризамыз. Біздің қарым-қатынастарымыз әркезде де жақсы болды. Елдеріміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір-біріне жан-жақты көмек көрсетті. Қазақстан Грузия экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Екіжақты қатынастарды одан әрі жақсартуға ешқандай да кедергі жоқ. Бұл тұрғыда Сіздің сапарыңыздың маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Грузия Президенті еліміздің даму қарқынына қызығушылық танытып, Қазақ­станға келуге көптен ықыласты болғанын айтты.
– Сіздің және халқыңыздың қиындыққа толы осы жылдарда ауқымды жұмыс атқар­ғандарыңызды қазір өз көзіммен көріп отырмын. Грузин халқы Сіздің еліңіз бен жеке өзіңіз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылық білдіреді және оны бағалай біледі. Грузияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы аса маңызды деп санаймын. Біз онда өз экономикамыздың жетістіктерін көрсетіп, дәстүрлі тату көршілік байланыстарымызды жалғастыра аламыз, – деді Г.Маргвелашвили.
Сондай-ақ Грузия Президенті экономикалар ынтымақтастығының тұжырымда­масына өз елінің белсене қатысып, халықтар арасындағы диалогты дамытуға жағдай жасап отырғанын атап өтті.
– Сіздің осы бағытта орасан зор жұмыс атқарып жүргеніңізді білемін. Біздің елдеріміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бері дәл осы бағытта дамып келеді, – деді Г.Маргвелашвили.

Соңында Грузия Президенті Нұрсұлтан Назар­баевқа ұзақ жылдардан бергі қолдауы үшін зор алғыс білдіріп, Астанадан алған әсерлері жөнінде айтты.
Мемлекет басшысы Грузия президенті Георгий Маргвелашвилидің ресми сапарының қоры­тындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Грузия арасында тату көршілік пен тұрақты қарым-қатынас орныққанын атап өтті.
– Бүгін осы жүздесудің болғанына қуаныш­тымыз. Грузия Президентінің сапары дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орайлас келді. Соның аясында Грузия павильоны ашылады. Қазақстан мен Грузия арасындағы бүгінгі қарым-қатынастар тұрақты сипатқа ие болып отыр. Біз тарихи, достық ынтымақтастығымызды еш­қашан үзген емеспіз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ауқымы кең мәселелер бойынша келіссөздер барысында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.
– Қазір Грузияны Қазақстан сияқты транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік бар. Сөйтіп, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығуға болады. Грузия арқылы өтетін газ бен мұнай көлік дәліздері де бар. Осыған орай біз Қазақстан компанияларына тиесілі Батуми мұнай терминалы мен портының мүмкіндіктерін талқыладық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бұл жол барлық мүдделі елдер үшін пайдалы болатынын және оның Қазақстанның көлік әлеуетін арттыра түсетінін айтты. Сондай-ақ Қазақстан Президенті өзара тиімді сауда ынтымақтастығының қажеттілігіне тоқталып, осы бағыттағы қатынастарды ілгері­летуге ниетті екенін білдірді.
Елбасы сонымен қатар гуманитарлық және білім салаларына қатысты қол жеткізілген уағда­ластықтар туралы әңгімеледі.
– Біздің мәдени-гуманитарлық қатынаста­рымыз әрдайым жоғары деңгейде болды. Соны жалғастыра беру керек. Жастарымыз да дәстүрімізді жалғастырып, қарым-қатынастарымызды дамыта беру үшін университеттеріміз арасында студенттер алмасуды жолға қою мүмкіндіктері туралы әңгімелестік. Грузия Президентінің Қазақстанға сапары екіжақты байланыстардың маңызды мәселелерін шешу үшін біздің үкіметтеріміздің өзара іс-қимылына серпін береді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.
Сөзін түйіндей келіп, Елбасы Г.Маргвела­шви­лиге сапармен келгені үшін тағы бір мәрте алғыс айтып, барша Грузин халқына табыс тіледі.
Өз кезегінде Грузия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін риза­шылығын айтып, өзара тиімді ынтымақтас­тықтың кеңейе түсеріне сенім білдірді және Қазақстан Президентін Грузияға сапармен келуге шақырды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X