Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР

Алматыда ЭСКАТО-ның зерттеу қорытындысы шықты

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 2017 жылғы экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы зерттеудің қорытындысы таныс­тырылды.

Бұл есепті жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-экономикалық комиссиясының мамандары дайындайды. Өткен жылы аймақтағы экономикалық өсім 4,9 пайызды көрсеткен. Әлемдегі дағдарыс жағдайында бұл жақсы жетістік болып есептеледі.
Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтар өзінің бейне-жолдауында осы аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлу керектігін айтты. Қазақстан тарапынан бұл басқосуға ғалымдар мен іскер топ өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – көптеген елде жиі кездесетін қиындықтарды дер кезінде шешуді үйрену. Бұл орайда ЭСКАТО субөңірлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Николай Помощников:
– ЭСКАТО 70 жылдан астам уақыт бойы біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде болжам жасап келеді. Зерттеу нәтижесі бойынша жаңа мақсат-міндеттер айқындалып, оны аймақ басшылары әлеуметтік-экономикалық саланы» – деп атап көрсетті.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X