Валюта бағамы: $ 326.97 381.05 5.45 ¥ 48.44

Күрмеуі қиын, сан қилы келіссөздер

Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеуде маңызды рөл атқарады және БҰҰ аясында женевалық процеске жол ашатын болады. Бұл туралы БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылар және студенттермен, Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық корпус, қоғам және БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде айтты.

Спикердің пікірінше, Қа­зақ­станның бейбіт бастамалары барша халықаралық қауымдастық мүддесін көздейді және адамзаттың жаһандық мәселелеріне бағытталған. Ел­дің қарусыздандыру мен ядро­лық қауіпсіздік сала­сындағы көшбасшылығын әлем мойындаған. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі мемелекеттің рөлі артып келеді. Бұған Сирияда тыныштық орнату мәселесіне қатысты Астанада өтіп жатқан күрмеуі қиын сан қилы келіссөздер дәлел.
«Радикалды экстремистер өздерін жақтаушыларды жастар арасынан іздейді, оған себеп – сауатсыздық, кедейлік және жұмыссыздық. Мектепте және университеттерде жастарды мәдениеттілікке үйрету маңызды, біз бір-бірімізді құр­меттей білуіміз керек. Білім, ғылым және жаңа технологиялар әлемнің тұрақты дамуының негізі болуы тиіс. Бұл ұжымдық күшті талап етеді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға көп күш салуда, біз оны бағалаймыз», – деді Насир Абдулазиз әл-Насер.
Бүгінде әлем өзгерді және ол тұрақтылықты сақтауға көмектесетін құралға мұқтаж. Білім, дінаралық және мәдени диалог алдын алу дипло­матиясының бір бөлігі бола алады және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы «жұм­­сақ күшке» ие деп есеп­тейді БҰҰ Өркениеттер аль­ян­сінің жетекшісі.

Ислам Асфендияр


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X