Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

Білім – рухани байлықтың көзі

Қазіргі нарықтық пен шындық, білім мен мәдениет жаңа технологиялардың дамуы, парасатты, саналы, ой-түйсіктері алғыр, экономикамыздың дамуын үздік ойлылықпен басқаратын жастарды тәрбиелеуде.

Қазақстан жедел дамыды, әрі табысты 50 елдің қатарынан сап түзеді. Экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, жаһандық бәсекеге қабылеттілігін арттырды.
Әлемдік дағдарыс, жүрісі жылдам дәуір дамыған алпауыт елдердің өзіне теріс ықпалын тигізуде. Осындай қиын сын-сағаттарында жұмылып, ауыз біршілік танытуда – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жан-жақты жастарға сапалы білім берумен қатар, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды тұлға қалыптастыру жолында айрықша беделге ие.
ҚазҰУ – ақпараттық-коммуникациялық жүйе­­лер­­дің соңғы жетістіктеріне негізделген көпші­лікке арналған ашық онлайн курстарының бастаушысы.
ҚазҰУ – алдыңғы қатардағы университет ретін­де экономикалық дамудың жаңа қазақстандық мо­делі құрылысының және елдің ғылыми сыйымды инновациялық экономикасының маңызды буыны.
Рухани-адамгершілік платформасы мен ғылы­ми технологиялық платформасын ұштастыра оты­рып, университет – оқытушылар мен студенттердің ар-намыс кодексіне негізделген жаңа корпоратив­тік идеология, студенттерді тәрбиелеудің жаңа сапасына жетуді көздеген әлеуметтік жобалар негізінде жағымды нәтижесін беріп отырған үлкен ұжым.
Өнімді еңбек пен сапалы білім, бизнес ұғым­дарын жете түсінген саналы ұлтжанды мамандар дайындауда, ұлттық мәдениетіміздің, экономика, саясат салаларының негізгі кілті – білім.
Білім – бүкіл әлемде тұлғалы әлеуметтік-экономикалық үдеріске тиімді қатысуын қамтамасыз ететін негізгі фактор.
Мемлекет құрылысында идеологиялық саланың қазіргі сәтте ауадай қажеттігін әсіресе білім саласында жастар арасындағы өтпелі қиыншылықтар мен жаңа қоғамның өзгерістерін жете түсіндіру максатында «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласында Елбасымыз айқын да нақты жолдарды нұсқады. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» делінген.
Айқындап берген жолдаулармен бағыт-бағ­дар­ларды негізге ала отырып білікті білімнің күшін нағыз аренаға шығарып, белдесіп көрсететін кез келеді.
Жаһанданудың ұйытқысы болған айдынды биз­нестердің қатарында, жер әлемнің түкпір – түкпіріне жеткен компаниялардың санын санап айта алмаймыз. Бұл жерде компаниялардың санын есептеп айтпақ ойымыз жоқ. Керісінше, еңбек жолдарын, өнімділігін, жетістіктері мен кемшіліктерін саралай отырып, экономикалық дамудың, бизнеспен жеке адамның еңбек ресурстарының жаңа бағыттағы табысқа жету жолдарының үлгісін көрсету.
Байтақ әлемге қанат жайып, жаһанданудың ұйытқысы болған Жапония, Корея, туғыры тастай Қытай елдері қысқа мерзімнің ішінде мейлінше асқақтады. Халықаралық бизнес ауыл-үйдің арасындағы айырбас сауда емес. Керісінше, өз халқының мұң-мұқтаждарын сезініп, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, дамытып, өркениетті ел болу мақсатымен ұлтының, Отанының абыройын асқақтатады.
Осы тарапта ең алдымен, басты қадам – ағыл­шын тіліне жетік жұмысшы шеруін жасақтау.
Жергілікті бизнес әлемдік деңгейге шығу үшін, алыс-жақын жұртпен араласу үшін, ағылшын тіліне басымдық беріп, озық үлгідегі технологияларды танудың салдарынан әлемдік бәсекелес елдермен қатарласа бастадық. Жаңа технологияның дамуын жеделдете түстік.
Биіктен үміті бар ел тек ағылшын тілімен ғана зор боламыз десе, қателеседі. Басқаға ұқсаймын деп, өз болмысына, өз тіліне, дініне, мәде­ние­тіне нұқсан келтіруі ықтимал.
Еліміздің жаһандық бәсекеге сай болуы үшін, сыртқа шығып, жаһандық өндіріс ашып, өрістеймін деуі де аса пайдалы емес. Алыс-жақын көршілердің есебінен өз жұртының әл-ауқатын көтеріп келген жаһандық компаниялардың дәуре­ні аяқталып келеді. 1990 жылдардан бері, Совет одағы ыдырап, Қытай нарығы шарықтап дамыған фирмалардың қазіргі жағдайы мәз емес. Алпауыт фирмалардың осылайша бірден кері шегінуінің бірнеше себептері бар. Оның негізгі себептерінің бірі – әлем жұрт­шы­лығының жаһандық компа­нияларға деген илтипаты азайып барады.
Мәселен, Батыста туып, Шығыста өркен жай­ған компания бизнестері, қайта өз атамекеніне шоғырлана бастады.
Осыны негізге ала отырып, Жапонияға үз­діксіз қатынап, тамырлы компаниялардың ме­недж­ментін жаңа арнаға түсірген американдық оқымысты Питер Друкер: «Менеджмент әр түрлі адамдарды ортақ жоба аясында ұйыстыруға жауап беретіндіктен халықтың мәдени құндылық­тарымен біте қайнасуы тиіс» – дейді.
Осы сараптаманың нәтижесін, бірнеше жылдан соң Питер Друкер: «Жапонияның дамып, өркендеуінің, экономикасы кемел, іргесі мығым елге айналуының себебін сырттан келген менеджмент теорияларын жонып, түзетіп, ата дәстүрге бейімдеуден» десе, ал Үндістанның бар қуатын кәдеге жарата алмай, мейлінше кешігуі жіктеп, тексермей сол қалпында қабылдай салып пайдаға асыра алмай қалғандығы» деп түсіндіреді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаң­ғырту» мақаласында халықтың мәдени құнды­лық­тарын ата дәстүрге бейімдеу – негізгі қағидасы болып табылады.
Заман мың құбылса да, мәдени құндылық­та­рымыз өзгермейтін қағида – өз Отандық рухани байлықтың көзін ашып, бұлағынан сусындап өркендеуі.
ҚазҰУ академик Ғалымқайыр Мұтановтың бас­­шы­лығымен жасалып жатқан «Айналаңды нұр­ландыр», «100 кітап», «Салауатты өмір салты», «Электронды кампус» т.б. жобаларды енгізе отырып, озық үлгідегі жаңа технологиялардың күшімен, ата-дәстүрімізге бейімдеп, мәдени құн­ды­лық­тарымызды негізге ала отырып, аса парасаттылықпен білім беруде. Еңбек пен білімнің ерекшеліктерін ескере отырып жас мамандарды ынталандыру жүйесіне айрықша мән беруде.
Ынталандыру – рухани жаңғыру. Жаңғыру мен ынталандыру бірін-бірі толықтыратын ұғым. Елбасы «Жаңғыру – мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеп­терден арылу дегенді білдіреді» деп түсіндіреді.
Технологиядағы тізгінді босатып алған жапон компанияларының жүрісін тежеп жатқан тетік – ынталандыру жүйесіндегі айырмашылық. Талай уақыттан бері ойлап тапқыш жастардың жігерін босатып, ынтасын қайтарған Жапонияда, инновациялық жобаларды жөргегінде тұншық­тырған ескіліктің жүйесі әлі де күшінде.
Айқындап берген жобалар мен бағыт-бағдар­лардың мақсаты – білімнің күшін жоғары деңгейде көрсету. Жастарға берер құнды қағидасы – білім. Әр заманның өз құндылықтары мен өз ерекшеліктері болады. Заман талабына, жаңа технологиялардың дамуына, жаһандық бәсекелестік елдер қатарында тұруымызға – бүгінгі жастар үлкен білім атты мұхиттан талмай өтуіміз қажет.
Біз жастар – Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлт­тық университетіміздің стратегиясы ғылым мен білімнің және өндірістің ынтымақтастығына негіз­делген цифрлық Қазақстанды, смарт Қазақ­стан­ды құру үшін қазіргі заманғы иннова­циялық инфрақұрылым жасақталған жобаларды жүзеге асыру жолында ақыл-ой, білім күшімізді, жастық жіге­рімізді барынша ақылдылықпен жұмсауымыз міндет.

Елжас ҮСЕНОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және бизнес жоғары
мектебінің оқытушысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X