Валюта бағамы: $ 335.24 395.82 5.82 ¥ 50.65

Министр маңызды мәселелерге түсініктеме берді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» жобасы аясында өткен аптадағы ең көп талқыланған мәселелерге түсініктеме берді. Министр Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның сапалық құрамына ерекше назар аударды.

– Комиссия құрамында ше­неу­­ніктердің көп болуына әкім­дердің қосылуы себеп. Өйткені, «Туған жер» бағдар­ламасын жүзеге асырумен нақ осы әкімдер айналысуы тиіс. Әрине, бұл жерде Ұлттық комиссия үшін ұсыныстар енгізетін жұмыс топтары құрылды, ал жұмыс топтарының құрамы нақты тақырыпқа сәйкес анық­та­латын болады. Жұмыс топта­рының құрамына халықтың бұдан да көп бөлігі, яғни түрлі жіктер өкілдері енетініне сені­мім зор. Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков әр жұмыс тобының немен айналысатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді, – деді Д.Абаев.
Бұған дейін қай жұмыс тобын кімнің бас­қаратыны туралы бұқаралық ақпарат құрал­да­рында жарияланған болатын.
Д.Абаев хабар барысында, сонымен қатар, терроризм үшін азаматтықтан айыру мәселесіне әзірше нүкте қойылмағанын атап көрсетті. Ел Үкіметі терроризм үшін азаматтықтан айыру туралы түзетуді мақұлдады. Алайда, Ақпарат және коммуникациялар министрінің пікірінше, бұл мәселеге нүкте қоюға әлі ерте.

– Бұл мәселе әлі белсенді зерттелу үстінде. Заңды қабылдау барысында барлық пікірдің ес­керілетіні анық. Аса маңызды мәселе – бүгінде терроризм бүкіл әлем бойынша кең тарап отыр, оның түрлері де өсе түсуде. Бірақ оған қарсы күрестің нақты тетігі әлі табылған жоқ. Әлем елдері қандай да бір деңгейде оның жолын іздеп жатыр. Швейцарияда терроршыларды азаматтықтан айыру туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілді. Әлемнің көпте­ген елінде бұл мәселені белгілі бір деңгейде талқылаулар жүріп жатыр, – деді «Хабар» телеарна­сындағы үнқатысуда министр.
Д.Абаевтың сөзіне қарағанда, заңның бұл нормасы шетелдерде соғысып жүрген адамдарға бағытталған.
– Біз шетелде жауынгер­лік машық алған адамдардың Қазақ­станға келіп, еліміз үшін қатер төндіргенін қаламаймыз. Бұл мәселе әлі де талқыланады. Егжей-тегжейлі түсіндірулерді біз әлі Парламентте еститін боламыз, – деді министр өзінің сөзін­де.
Қазақстан тұрғыны Әсел Базарбаева Қазақстан халқы Ассам­блея­сының ХХV сессиясы бары­сында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ді­ни сектадан ба­сын қалай араша­лап алғаны туралы айтып бер­ді. Бойжеткеннің сөзі министр Д.Абаевқа да айтарлықтай әсер еткен.
– Мемлекет басшысының қа­­тысуымен ҚХА-ның кезекті сес­сиясы өтті. Онда өте тартымды сөздер айтылды. Айтылған әрбір оқиғадан жеке деректі фильм түсіруге болады. Мен Әсел Базарбаеваның сөзінің әсе­рінен әлі айыға алар емеспін. Ол – деструктивті діни ағымның құрбаны, радикализм бұғауынан қашып құтылып, дәстүрлі дінге қайта оралып отыр. Оның мұндай шешім қабылдауына ата-анасынан бас тартуын талап етулері себеп болған. Бұл халқымыздың отбасы дәстүрі күшті екенін көрсетеді, – деді «Ашық диалог» бағдарламасында Дәурен Абаев.

Шерхан Молдахмет


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X