Валюта бағамы: $ 334.92 395.88 5.71 ¥ 50.69

Қашағанда тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі

2017 жылдың соңына қарай Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 370 мың баррельге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Ал жаңа технологияны іске қосу арқылы мұнайды өткізу көрсеткішін тәулігіне 450 мың баррельге жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл туралы жақында «ҚазМұнай­Газ» АҚ 2016 жылғы өндірістік-қаржылық нәтиже­лермен бір жылға арналған жоспарлары туралы брифингте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компа­ния­сының басшысы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
«Біз жыл соңына дейін Қаша­ғандағы мұнай өндіру көлемін тәулігіне 300-370 мың баррельге дейін жеткізу жоспарлап отырмыз. Ал ондағы жер үсті инфрақұрылым желілері арқылы шикізатты өткізу көрсеткішін тағы да ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта газды кері айдау арқылы мұнайды көптеп өндіру технологиясы қарастырылуда және осы жобаның оңтайлы тұжырымдамасын таңдау бойынша жұмыстар жүруде. Алайда, әзірге нақты шешім қабылданбады. Консорциум құзіретті органға тиісті ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Жоба іске асқан жағдайда, инфрақұрылым желілері арқылы мұнайды өткізу қарқынын тәулігіне 450 мың баррельге жеткізуге болады. Ал Қашағанда тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2016 жылғы 1 қарашада Қаша­ғанда коммерциялық өндірудің бас­талғаны жайында хабарланған еді. Өндіруді қайта бас­тағаннан бері 2 млн. тоннадан астам мұнай және 1 млрд. текше метрден астам газ өндірілді.


Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X