Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

«ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН

Жыл басынан несие пайызын субсидиялау түріндегі көмекке Қызылорда облысының 18 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қол жеткізген. Бұған «Даму» қорының аймақтық филиалы дәнекер болып отыр.
Жалпы, Аймақтық үйлестіру кеңесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теңге болатын 20 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлер несие берешегі бойынша шығындарын азайтуға мүмкіндік алды. Банктер арасында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы жобаларға ең көп қаржыландыру бөліп, үздік атанды.

Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал бөлшек кепілдендіру құралы аясында жалпы құны 140 млн. теңгені құрайтын 13 жобаны қолдады. «Даму» қорының қолдауы нәтижесінде кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерлер өз бизнесін қайта жаңғырту мен дамытуға екінші деңгейлі банктерден несие қаражатын тартуға мүмкіндік алды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) кеңесшілері тарапынан ЕДБ қаржыландыруға өтініш беріп үлгерген шағын және орта бизнес субъектілеріне 17 бизнес-жоспар әзірленді.
2017 жылдың бірінші тоқ­санында тегін кеңестік қолдауға 1470 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкерлер жүгінген. Ескере кетсек, КҚКО білікті кеңесшілерінің көмегімен кеңес алуға келген 52 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, өз істерін бастаса, 10 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерінде несие қаражатын рәсімдеп, өз бизнестерін дамытты. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 38 қатысушы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында кәсіпкерліктің негізі бойынша тегін оқудан өтіп, экспресс-курсты сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификатқа ие болды. 2017 жылдың 1 тоқсанында орын алған басты жаңалық ретінде, «Даму» қоры мен Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 млрд. теңге бөлінгенін атап айтуға болады.
Аймақтық бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы 8,5% үстемемен үлестірілетін болады. Ескерте кетсек, 2016 жылы жеңілдетілген несие «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы берілсе, ағымдағы жылы банк-серіктестер саны екі есеге артып, олардың қатарын «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ және «ЦеснаБанк» АҚ толықтырып отыр.

Ислам Асфендияр


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X