Валюта бағамы: $ 336.05 394.49 5.85 ¥ 50.63

АЙМАҚТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДА

Бұл салаға биыл 11,7 млрд. теңге қаржы жұмсалады

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бөлінген қаржы жыл өткен сайын артып келеді. Биыл бұл салаға 11,7 млрд. теңге бөлінді. Қаржы егін шаруашылығы мен мал басын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бөлінген қаржының 3,3 мил­лиард теңгесі инвестиция­лық субсидия болып табылады. «ҚазАгро» ұлттық компания­сы­ның еншілес кә­сіпорындары арқылы ауыл шаруа­шылығына берілген несиелер көлемі көбе­йіп отыр. Өткен жылы 1500-ден астам өтінім мақұлданып, 7,5 миллиард теңгенің субсидиясы мен лизингтік шарттары жасалды.
Облыс шаруалары бір жылда 365 техника сатып алған, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құсайын Сәрсенбай. – Ауыл шаруашылығына инвестиция салу тартымды салаға айналды. Себебі, соңғы жылдары елімізде инвестициялық субсидия бөліне бастады. Өткен жылы Ақтөбе облысындағы 300-ден астам шаруашылыққа 2 миллиард теңгеден астам субсиядия берілді. Жыл басынан бері 379 миллион теңге инвестиция тартылды. Өсім бар. 2016 жылы облыста барлығы 25 инвестициялық жоба іске асырылып, 200-ден астам жұмыс орны ашылған. Ал биыл жаңадан 39 жоба іске асырылғалы жатыр. Бұған аймақтағы малшы, егінгілер қауымы аса қуанышты екен­діктерін білдіреді. Әрине, мемлекет қол­дауына ие болған жақсы ғой. Енді соны ұқсата білу, бөлінген қаржыны өз мақсатына ұтымды пайдалану – шаруалардың басты міндетіне айналуы керек. Өңірде қазір күн жылынып келеді. Шаруалар өз істеріне құлшына кірісуде.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X